Қоғам белсендісі Оразалы Ержанов референдум туралы жарияланымдары үшін ұсталды ма?

cover Фото: Orda.kz

Қоғам қайраткері Оразалы Ержанов референдум туралы жарияланымдары үшін ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Қоғам белсендісі Оразалы Ержановтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жөнінде журналист әрі редактор Ирина Петрушова өзінің Facebook парақшасында бірінші болып жазды.

Оның мәліметінше, бұрынғы банкир әрі қоғам қайраткері Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы туралы қатаң сыни жазбаларынан кейін полицияға жеткізілген.

«Оның парақшасындағы соңғы жазба 8 ақпанмен белгіленген. Сірә, одан кейінгі жазбалардың бәрі өшірілген. Гүлжан Ерғалиева Оразалы Ержановтың жұбайына сілтеме жасап, оны түнде алып кеткенін, тінту жүргізілгенін жазды. Ол 10 тәулікке қамауға алынған. Әзірге нақты себебі белгісіз. Оразалы Ержанов — билікті ашық сынап,  әр нәрсені өз атымен атаудан қорықпайтын санаулы азаматтардың бірі…» деп жазды Петрушова. 

Редакция Алматы қаласы полиция департаментіне ресми сауал жолдады. Департамент бұл фактіні растады және әлеуметтік желілерде «шынайылыққа сәйкес келмейтін» ақпарат жарияланғанын, сондай-ақ шетелдік юрисдикцияда тіркелген байланыс нөмірлерін пайдалана отырып референдумға бойкот жариялауға шақырулар анықталғанын хабарлады.

«Әлеуметтік желілерде шетелдік юрисдикцияда тіркелген байланыс нөмірлерін пайдалану арқылы шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат, референдумға бойкот жариялауға шақырулар және азаматтарды жаңылыстыратын өзге де мәліметтерді қамтитын жарияланымдар анықталды. Сайлау құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті – Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Полиция оның әрекетіне түпкілікті құқықтық бағаны тергеу нәтижелері бойынша заңсыз жарияланымның себебі мен мән-жайлары анықталғаннан кейін береді» деп жазылған полиция мәліметінде.  

Сайлау құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғау органдары оның әрекетіне түпкілікті құқықтық баға тергеу нәтижесінде берілетінін нақтылады.

Сондай-ақ департамент пікір білдіру заңға қайшы емес екенін, алайда көрінеу жалған ақпарат тарату, фактілерді бұрмалау және сайлау құқықтарына немесе комиссия жұмысына кедергі келтіру үшін жауапкершілік қарастырылатынын атап өтті.

Бұған дейін Оразалы Ержанов мәжіліс депутаттары сайлауға қатысып, қорытынды жарияланғаннан кейін дауыс беру нәтижелері бұрмалағанын жазған болатын. Сол кезде ол:

«Сайлау қорытындылары бұрмаланғанына күмән жоқ... Олар ең алдымен халықтың үмітін ұрлады» деп жазған еді. 

Бұған дейн бірқатар кандидаттың штабы, соның ішінде Ержановтың штабы да сотқа жүгінуге ниетті екендерін мәлімдеген болатын.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі азаматтардың пікір білдіруі мен өз ұстанымын айтуы заң бұзушылық емес екенін еске салды.

«Жауапкершілік тек қасақана жалған ақпарат таратуға және фактілерді бұрмалауға, соның ішінде азаматтарды жаңылыстыруға, қоғамдық жағдайды тұрақсыздандыруға, азаматтардың сайлау құқықтарын жүзеге асыруына немесе сайлау комиссиясы жұмысына кедергі келтіруге бағытталған әрекеттер үшін көзделген» деп нақтылады Алматы қаласы полиция департаменті.


Оқи отырыңыз:



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар