ҚМБД квадроберлерге қатысты пәтуа шығарды

cover Фото: pixabay

Адамның жануарға еліктеуі – өзін қорлау болады. ҚМДБ квадроберлерге қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.

ҚМБД ғұламалар кеңесінің мәліметінше, жануарларға тән сипаттарға ит сияқты үріп, есек сияқты ақыру, әдейі еліктеу, төрт аяқтап жүріп, олардың тамағын жеу, іс-қимылдарын істеу Алла Тағаланың жаратқан жаратылысын өзгерту болады. 

Ал батырды арыстанға, айлакерді түлкіге, сабырлыны түйеге теңеу, сол секілді театрлық қойылымдар, балаларға арналған ойындар т.б «квадробердің», яғни адамның жануарға еліктеуіне жатпайды.

Адам баласының жануарға еліктеп, сол дәрежеге түсуі, төрт аяқтап жүруі, өзін ардақтау емес, қорлау болып саналады. Тіпті адам баласының жануарға еліктеуі түгілі әйел кісінің ер адамға, ер кісінің әйелге еліктеуінің өзіне шариғатымызда тыйым салынған.

«Шын мәнінде, біз адам баласын ең көркем бейнеде жараттық», – деген аяттан мысал келтіре отырып квадроберлерге қатысты ҚМДБ келесі үкім шығарды:

Квадроберге, яғни жануарлардың деңгейіне түсіп, оларға еліктеп дауыс шығаруға, іс-қимылдарын жасауға шариғат бойынша қатаң тыйым салынады. 


 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар