ҚМА Астанада спорт басқармасы директорының орынбасары ұсталғанын растады
Астанада қаржы мониторингі агенттігі Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының лауазымды тұлғаларының аса ірі көлемде қаржы жымқыруына қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды Orda.kz.
Әзірге 380 миллион теңгенің ұрлығы туралы айтылды, бірақ тергеу жалғасуда. 2022 жылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы атынан шыққан спортшылардың формасына қатысты ұрлық сомасы 105 миллион теңгеге бағаланып отыр.
Тергеу күдігі бойынша үш мердігер компания құрал-жабдықтарды Қазақстанда жасалғандай етіп бергенімен, іс жүзінде барлығы Қытайдан әкелінген. Бізге тергеудегі дереккөздің айтуынша, атап айтқанда аяқ киім түгелдей сол жақтан алынған.
Үрімші қаласының базарларында төменгі көтерме бағамен сатылатын, жалпы халық тұтынатын сапасыз тауарлар сатып алынған. Оны Қазақстандағы тігін фабрикаларында жасалған эксклюзивті өнім ретінде дирекцияға бірнеше есе жоғары бағамен ұсынған. ҚМА тергеуінде депутат пен оның менеджерінің мердігерлерден қайтарым алғанын дәлелдейтін фактілер де бар. Мұның бәрі жақсы ойластырылған алаяқтық әрекет.
«Өнім беруші аталған тауардың отандық өнім екені туралы жалған құжаттар берген. Салдарынан мемлекетке 383 миллион теңге шығын келді» делінген ҚМА хабарламасында.
Тексеру 2022 жылғы Азия ойындарындағы жанжалдан кейін, атап айтсақ, еліміздің спортшылары мен ұлттық құрама мүшелері жаттығу кезінде жыртыла бастаған киімдер мен жабдықтарға шағымданғаннан кейін басталды. Олар бұның бәрін түсіріп, жариялап отырды.
Спортты дамыту дирекциясы басшысының орынбасары қамауға алынды. Бірақ олар оның бастығын ұстай алмады - бұл жерде ҚМА Дирекцияның бұрынғы басшысын басқа іс бойынша ұстаған Антикордың алдын орап кетті.
Бұған дейін де Қазақстан құрамасының өкілдері жабдық сапасына шағымданып, оны бір реттік деп атаған болатын. 2023 жылғы Азия ойындарында Қазақстан атынан қатысқан спортшы Алина Сарқұлова ұлттық құрамаға берілген форманың сапасыздығына шағымданды. Айтуынша, аяқ киімінің табаны қақырап, жейдесінің тігістері сөгіліп кеткен.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды