Кінәсін мойындамаған Перизат Қайраттың анасы үйқамаққа қамалды
Фото: instagram/pk_01
3,5 млрд теңге жымқырды деп айыпталған Перизат Қайраттың анасына қатысты сот бұлтартпау шарасын белгіледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол алаяқтық және қылмыстық жолмен табылған қаражатты заңдастыру баптары бойынша күдікке ілінген. Сенат дәлізінде Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизаттың анасының үйқамаққа алынғанын мәлімдеді.
Ал Перизат Қайраттың ісі бойынша тергеу аяқталды. Жақында іс сотқа өтеді. Жәбірленушілердің шығыны 3,5 миллиард теңге деп есептелді. Айыпталушы өз кінәсін мойындамады, сонымен қатар тергеумен ынтымақтаспай, сұрақтарға жауап беруден бас тартты. Оның бірнеше рет адвокат ауыстырғаны белгілі болды.
«Күдіктінің жауап беруден бас тартуға құқығы бар. Ол осы құқығын пайдаланып, жауап беруден бас тартты. Оның адвокаттары бар. Бұған дейінгі адвокаттары ауысып, қазір басқа жұмыс істеп жатыр», – деді Елемесов сенат дәлізінде.
Тергеу материалдары 100-ден астам томға жетті, әрқайсысы 118 беттен тұрады. Сонымен қатар, айыптауды растайтын заттай дәлелдер де бар.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?