Қиюы қашқан әңгіме: АҚШ пен Ресей Украина бойынша келіссөздерді бірлескен мәлімдемесіз аяқтады
Фото: tsn.ua сайтынан
Эр-Риядта АҚШ пен Ресей өкілдерінің Ресей-Украина әскери қақтығыстарын шешуге қатысты келіссөздері аяқталды. Тараптар әзірге бірлескен мәлімдеме жасаған жоқ, деп хабарлайды Orda.kz.
CBS News телеарнасы дереккөздерге сілтеме жасап, келіссөздер қорытындысы бойынша екі елге ортақ мәлімдеме 25 наурызда Астана уақытымен сағат 13.00-де жасалуы тиіс екенін хабарлады. Дегенмен олай болған жоқ.
Келіссіздерге журналистер кіргізілмеді, сондықтан келіссіздер өнімділігін тек кейбір БАҚ хабарламалары арқылы ғана бағалауға болады.
CBS News америкалық келіссөзшілер «оптимист болып көрінді» деп мәлімдеді. АҚШ өкілдері бұнымен қатар украиндық әріптестерімен атысты тоқтату туралы келісімнің егжей-тегжейлерін талқылауды жалғастыруда.
Келіссөздерге ресейлік тараптан қатысқан Федерация Кеңесінің халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Григорий Карасин ТАСС агенттігіне берген түсініктемесінде келіссөздер «конструктивті диалог сияқты әсер қалдырды» деп мәлімдеді.
«Бәрі талқыланды, қиын диалог болды, бірақ біз үшін де, америкалықтар үшін де өте пайдалы деп ойлаймын. Көптеген мәселелер талқыланды. Әрине, біз бәрін шешкен жоқпыз, бәрін бірдей келіса алған жоқпыз», - деді. Карасин жайбарақат.
Associated Press агенттігі атағандай, АҚШ пен Ресей Украина мен Ресей Федерациясы арасындағы отыз күндік бітімге келу туралы ұсынылған келісімнің нақты тармақтары бойынша әлі келісімге келмеді.
Вашингтон «энергетикалық және инфрақұрылымдық нысандарды» нысанаға алмау керектігін айтса, Мәскеу тек «энергетикалық инфрақұрылымды» айтады, ал Украина президенті Владимир Зеленский бұл тізімге темір жолдары мен порттарды қосқысы келеді.
Бірлескен мәлімдеменің жоқтығына қарағанда, тараптар бұл басты мәселелер бойынша ешқашан келісе алмайтін шығар.
Осы уақытта аралығында украиндық ұшқышсыз ұшақтар қазақстандық мұнай экспортталатын ҚТК станциясына тағы да шабуыл жасап үлгерді.
Жаңалықтар
- Талғарда тағы бір қанды оқиға: Экс-әйелі анасымен бірге күйеуін 30 жерден пышақтады деген күдікке ілікті
- Тоқаевтың тапсырмасымен Мәулен Әшімбаев Иран елшілігіне барып, көңіл айтты
- Әлиев Нахчыван әуежайына жасалған шабуыл туралы мәлімдеме жасады
- Қазақстанда доллардың құны бірден төмендеді
- Иран Нахчыванға дрон ұшырды деген айыптауды жоққа шығарды
- Астана мен Алматы Халықаралық әйелдер күнін қалай қарсы алады
- Әзербайжан Ираннан Нахчыванға дрон шабуылына қатысты шұғыл түсініктеме талап етті
- Ирандық дрондар Әзербайжанның Нахчыван әуежайына шабуыл жасады
- Атырау облысындағы қанды қылмыс: Күдіктілер Индонезиядан қашан экстрадицияланады
- Тоқаев Сауд Арабиясының тақ Мұрагеріне алғыс айтты
- Иран билігі Түркияға соққы жасады деген ақпаратты жоққа шығарды
- Жібек жолы ауылында өз отбасын қырып тастаған күдікті бұрын сотталған
- Терезеден сығалаған: Атырау облысында сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
- Кәмелетке толмаған жасөспірім ұлтаралық араздық қоздырғаны үшін сотталды
- Бүгінгі Таяу Шығыс: Тегеранға соққылар жасалып жатыр, Иран жауап ретінде зымыран ұшырды
- МӘМС арқылы миллиондаған теңге залал: Алматыда жеке стоматологиялық клиникалардың директоры үйқамаққа алынды
- Украинадан оралған Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоров Астана әуежайында ұсталып, тексерістен кейін босатылды
- ІІМ шетелге барып жұмыс істегісі келетіндерге үндеу жасады
- Thailand Open турнирі: Қазақстан ескек есуден «алтын» алды
- Соғыстың алғашқы екі күнінде Иран астанасынан 100 мың адам кетіп қалды — БҰҰ