Түркістанда мүгедектігі бар жігітті зорлаған үш туысы 9 жылға сотталды
Фото: Orda.kz
Түркістан облысында жылдар бойы мүгедектігі бар жігітке зорлық көрсеткен туыстарына сот үкімі шықты. Тергеу мәліметінше, жәбірленушіні алты ер адам зорлаған. Ең сорақысы — олардың үшеуі зорлық көрген жігіттің жақын туыстары болып шыққан, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін жаға ұстататын оқиға Түркістанның Келес ауданы Ұшқын ауылындағы 23 жастағы мүгедек жігітті 14 жыл бойы бауырлары зорлап келген әрі зорлық көрсеткендердің арасында жәбірленушінің туыстары бар екенін жазған едік.
Бұл туралы жәбірленушінің анасы биыл наурыз айында айтып берді. Әйелдің сөзінше, оның ұлын алты ер адам бірнеше жыл бойы зорлап келген және оның арасында туыстары да бар екені анықталыпты. Жас жігіт ақпан айында болған тағы бір зорлықтан соң, көрген қорлық пен зорлыққа шыдамай анасына бәрін айтып берген.
Бүгін сот үкімі шықты. Үш ағайынды ер адам қылмыстық кодексінің 121-бабы «жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасау» бойынша кінәлі деп танылды.
Сот шешімімен олар 9 жылға бас бостандығынан айырылды және жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді.
Жаңалықтар
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?
- Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды