Кенені өртемек болған Түркия тұрғыны 12 гектар орманды жойып жіберді

cover Фото: Envato

Түркияда бір ер адам жастықтағы жәндікті өртеп, оны аулаға лақтырған. От орман мен егістік алқаптарына таралып, 12 гектар жер өртеніп кетті, деп хабарлайды Orda.kz.

Түркияның Маниса провинциясында 31 жастағы Өзджан Ташхан алапат орман өртіне кінәлі болғаны үшін сот шешімімен қамауға алынды. Жандармерияның мәліметінше, ер адам тергеу барысында жастығынан кенені тауып алып, оны өртеп, аулаға лақтырғанын мойындаған.

От тез арада ауыл шаруашылығына арналған жерлер мен орман алқаптарына таралған. Өрт салдарынан кемінде 12 гектар аумақта өсіп тұрған өсімдік жойылды.

Түркияның ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрагим Юмаклының айтуынша, соңғы бес күнде елде 340-тан астам орман өрті тіркелген. Бұған негізгі себеп – аптап ыстықта  отты абайсыз жаға беру.

Билік өкілдері өрттің бірқатар провинцияда әлі де таралып жатқанын, оған қатты жел ықпал етіп отырғанын мәлімдеді. Маниса, Биледжик және басқа да өңірлерде өртті сөндіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кейбір аудандарда тұрғындарды эвакуациялау басталды.

Еске сала кетейік, Әзірбайжанның БАҚ беттерінде AZAL ұшағын жоюға бұйрық берген Ресей капитанының түсіндірме қағазы жарияланды.

 
 

.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар