«Келін мен ене» түсінісе алмады: Айжұлдыз Адайбекова ажырасып кетті

cover

Отандық әртіс Жанар Айжанованың қызы жеке өмірі туралы айтты. Жас дизайнер жақында балалы болған. Бірақ жолдасы екеуі ажырасып кеткен.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Айжұлдыз Адайбекова көпшіліктің сауалына Instagram парақшасында жауап берді.

Жас ана жолдасы Қыран Талапбекпен ажырасып кеткен. Себебі – «келін мен ене» түсінісе алмаған.

– Тоғыз ай бойы токсикоз болдым. Өте қауіпті болды. Тоғызыншы айда екі ота жасаттым. Бұл қиын болды. Бірақ мен сен үшін бәріне төздім. Бұл әлемге қош келдің, менің кішкентай Назарым.

Осы уақытқа дейін «Қыран қайда?» деген сұрақты жиі қойдыңыздар. Біз ажырасып кеткенбіз. Жеке өмірімді көпшілік алдына салып, талқылағым келмейді. Мен құрбан емеспін. Бір нәрсені айта кетейін. Мені де келін-ене тақырыбы айналып өтпеді. Осымен бәрі түсінікті болған шығар деп ойлаймын. Өткен өміріме ризамын. Мұнымен тоқтамаймын, - деп жазды Айжұлдыз.

Еске салсақ, жас ана өзінің аяғы ауыр екенін тек босанғаннан кейін айтқан.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар