«Келесі жылы үйленбекші еді»: апаттан мерт болған 26 жастағы жігіттің әкесі

cover Фото: Видеодан алынған кадр

Ұшақ апатынан қайтыс болған Рамин Ибрагимовтың әкесі баласының үйленуді жоспарлап жүргенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ақтау маңында AZAL жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан Рамин Ибрагимовтың әкесі Махир Ибрагимов 26 жастағы ұлының армандары туралы айтты.

«Келесі жылы үйлену тойын өткізуді жоспарлап жатыр едік. Бірақ тағдыр басқаша шешті. Біз оқиға туралы 25 желтоқсанда білдік, ал келесі күні оның тірі емес екенін жүрегім сезді», - дейді ер адам.

Еске салайық, бұған дейін Ақтау қаласы маңында ұшақ апатынан мерт болған үш экипаж мүшесі және 21 жолаушының денелеріне тиісті сараптама жүргізілетінін хабарлаған едік. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар