«Қазпошта» жергілікті мекемелеріндегі ұрлықты жоюға уәде берді
«Қазпошта» Бас прокуратураның айыптауларына қатысты пікір білдірді. Пошта желісі операторы қызметкерлердің құқық бұзушылықтары туралы ақпаратты қасақана жасыру фактілерін жоққа шығарады, деп хабарлайды Orda.kz.
«Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің жоспарлы тексеру барысында жолданған барлық ескертулері мен ұсыныстарына түзетулер енгізді. Бүгінгі таңда комитеттің «Қазпошта» АҚ-на ешқандай шағымы немесе ескертуі жоқ, деп хабарлады ұлттық компания.
Тексеріс жүргізуге және заң бұзушылықтарды анықтауға «Қазпошта» жан-жақты көмек көрсетті. Анықталған заң бұзушылық фактілері бойынша қызметтік тексерулер жүргізіліп, нәтижелері тиісті құқық қорғау органдарына жіберілді.
Сонымен қатар, тексеру қорытындысы бойынша «Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексінің нормалары мен ережелерін түсіндіру мақсатында барлық облыстық филиалдармен семинар-кеңес өткізді.
«Қазпошта» жеке БАҚ пен әлеуметтік желілердің кейбір белсенді қолданушылары таратқан компания өз қызметкерлерінің кез келген құқық бұзушылықтарын әдейі және мақсатты түрде жасырды деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді» деп хабарлады ұлттық пошта желісі.
Компания қылмыспен орталықта да, жергілікті жерлерде де белсенді күрес жүргізіп жатқанын атап өтті. 2023 жылға жүргізілген ішкі аудиттер мен тексерулер нәтижесінде жалпы сомасы 396,7 млн теңге болатын қаржылық бұзушылықтар анықталды. Барлық фактілер бойынша қызметтік тексерулер жүргізіліп, материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.
«Айтпақшы, 2023 жылдың мамырында «Қазпошта» Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы ретінде Дүниежүзілік пошта одағының «Алтын деңгей» қауіпсіздік сертификатын алды. «Қазпошта» Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің пошта қызметтерінің ішінде бірінші болып - қауіпсіздік стандарттары және халықаралық және ішкі пошта жөнелтілімдерін өңдеудің өндірістік базасы және технологиялық процестері бойынша екі стандартты сертификат алды. «Қазпошта» АҚ компаниядағы қылмыс пен ұрлыққа қарсы белсенді күресті жалғастыру міндеттемесін растайды» деп түйіндеді «Қазпошта».
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның Бас прокуратурасы «Қазпоштада» бөтеннің мүлкін ұрлау туралы хабарламау фактілерін анықтағанын хабарлаған болатын.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды