«Қазпошта» АҚ қызметкерлері халықтың жіберген сәлемдемесін ұрлады
Фото: «Қазпошта» баспасөз қызметі
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Қазпошта» АҚ қатысты 20 әкімшілік іс қозғады.
Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті хабарлады.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Қазпошта» АҚ қызметінде әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарының сақталуына, сондай-ақ статистикалық есептің дұрыстығына тексеру жүргізді.
«Жолдамаларды тіркемеудің 10 мыңнан астам фактісі, 2 мыңға жуық мемлекеттік құқықтық статистиканы бұрмалау, 249-жолдамаларды уақтылы тіркемеу, өтініштерді қарау мерзімдерін бұзудың 94 фактісі және өзге де кемшіліктер анықталды» деп мәлімдеді.
Бұдан басқа, «Қазпошта» АҚ пайдаланатын электрондық құжат айналымы жүйесін құжаттау, пайдалану тәртібін реттейтін құқықтық актілері Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес келмегені анықталды.
«Тексеру нәтижелері бойынша Комитет және оның аумақтық органдары заңдылықтың бұзылуын жою туралы 21 ұсыну енгізді, 20 әкімшілік іс қозғалды. Қадағалау актілерінің қаралу нәтижесінде 48 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке және 20-сы әкімшілік жауаптылыққа тартылды» деді комитет.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдарына хабарланбаған бөтеннің мүлкін ұрлау, сондай-ақ алаяқтық фактілері анықталды, осылайша аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар есепке алынбай, олар бойынша процестік шешім қабылданбаған.
«Комитеттің бастамасы бойынша «Қазпошта» АҚ филиалдары арқылы жіберілген сәлемдемелерді ұрлаудың 3 фактісі, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді төлеу үшін қабылданған ақшалай қаражатты ұрлау дерегі Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді» деп мәлімдеді комитет.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды