Қазгидромет Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады

cover Фото: Pexels

Казгидромет Алматы, Астана тағы басқа қала тұрғындарына ауа райының қолайсыздық тудыратыны турады ескету жасады.

Бұл туралы Казгидромет хабарлайды.

«17 маусымда Ақтөбе, Алматы, Астана және Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде» делінген хабарламада.

Сондай-ақ синоптиктер 17 маусымда Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары болжамын ұсынды.

«Қазақстан аумағының басым жерінде атмосфералық фронтальды бөліктер өз ықпалын сақтайды - еліміздің солтүстігінде найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, тек оңтүстік-батыс пен оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін жауын-шашынсыз ауа райы, республика бойынша желдің күшеюі күтілуде.
Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қостанай облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде қатты аптап күтіледі, Атыраудың оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында өте қатты ыстық сақталады, - деді метеорологтар.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар