«Қазатомөнеркәсіптің» соңғы мәлімдемесі шетелдік уран компанияларына «май шелпек» болды
Фото: kazatomprom.kz
«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы өндірісті қысқарту туралы жариялағаннан кейін шетелдік уран өндіруші компаниялардың акциялары күрт қымбаттай түсті.
Бұл туралды Orda.kz хабарлады.
Mining News 26 тамыз таңертең Австралия қор биржасында сатылатын уран компанияларының акциялары қымбаттап жатқанын жазды. Солтүстік Америка компанияларына күтпеген пайда «Қазатомөнеркәсіптен» келді.
BNN Bloomberg мәліметіне сүйенсек, өткен аптаның соңында әлемдік уран нарығында тағы бір дүрбелең «Қазатомөнеркәсіптің» 2025 жылы 25 мыңнан 26,5 мың тоннаға дейін уран өндіруді жоспарлап отырғанын мәлімдегеннен кейін басталды. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда көбірек болғанымен, компания нарық үмітін ақтамады. Жоспарланған көрсеткіштер компанияның бұрынғы міндеттемелерінен әлдеқайда төмен.
«Қазатомөнеркәсіптің» бұл мәлімдемесі әлемдік қандай уран өндірушілерге «май шелпек» болғанына тоқталайық. Канадалық уран өндіруші Cameco Corp компаниясының акциялары бір күнде 6,8%-ға өсті, NexGen Energy Ltd акциялары 11%-ға, Denison Mines акциялары 16%-ға қымбаттады. Segra Capital Management негізін қалаушы Адам Родманның болжамы бойынша, «Қазатомөнеркәсіптің» әрекеттері бүкіл әлемде уран өндірудің ұзақ мерзімді төмендеуіне әкеледі. Родманның айтуынша, қазақстандық компанияда күкірт қышқылын жеткізу мәселелері әлі де сақталып отыр, сондықтан өндірісті тиісті деңгейде қолдауға мүмкіндігі жоқ.
«Қазатомөнеркәсіптің» әрекеттерінен Австралиядағы уран кен орындарын игеретін компаниялары да уран қоры бойынша Қазақстаннан озып тұр. Бұл ел нарықта Қазақстанның басты табиғи бәсекелесі ретінде саналдады.
Осылайша әлемдік уран өндіретін компанияларға бір сәтте «май шелпек» болған «Қазатомөнеркәсіптің әрекеттері әлемдік нарықта уран тапшылығына әкеледі екен. Себебі атом электр станцияларына арналған отын өндірілетін металға сұраныс артып келеді. Жалғыз Қытайдың өзі 11 жаңа ядролық реактордың құрылысын мақұлдаған болатын.
Жаңалықтар
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады