Қазатомөнеркәсіпті Мейіржан Жүсіпов басқаратын болды

cover

Ол 2023 жылдың 2 қазанынан басап жаңа қызметіне кіріседі.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ директорлар кеңесі 2023 жылдың 28 қыркүйегінде басқарма құрамындағы өзгерістерді бекітті, деп хабарлады ұлттық ядролық компанияның баспасөз қызметі.

«Ержан Мұқанов 2023 жылдың 2 қазанынан бастап компанияның директорлар кеңесінің төрағасы – директорлар кеңесінің мүшесі қызметінен кетеді. Директорлар кеңесінің шешімімен ұлттық компанияның жаңа басшысы болып KAZAKH INVEST басқарма төрағасы қызметін атқарған және 2015-2020 жылдар аралығында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі бас директоры болған Мейіржан Жүсіппов тағайындалды» делінген хабарламада. 


«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Арман Арғынғазин уран нарығы бұрын-соңды болмаған дамуды көрсетіп отырғанын атап өтті, оның бағасы соңғы 12 жылда абсолютті максимумға жетті.

Ол компанияның жаңа басшылығы инвестициялық қоғамдастықтың қажеттіліктеріне жауап бере отырып және барлық акционерлер, тұтынушылар, серіктестер мен компания қызметкерлері үшін ұзақ мерзімді құн құруды қамтамасыз ете отырып, өсіп келе жатқан уран нарығында операциялық тиімділік пен өнімділікті арттыруға назар аударатынын айтты. 

Сондай-ақ Директорлар кеңесі 2023 жылдың 28 қыркүйегінде компанияның экономика және қаржы жөніндегі бас директоры Сұлтан Темірбаевты басқарма құрамына енгізуді мақұлдады. Осылайша, қазіргі уақытта Қазатомөнеркәсіп басқармасының құрамына:

1. Мейіржан Жүсіпов, басқарма төрағасы (2023 жылғы 2 қазаннан бастап);

2. Қуаныш Омарбеков, өндіріс бойынша бас директор;

3. Дастан Көшербаев, коммерция бөлімінің бас директоры;

4. Сұлтан Темірбаев, экономика және қаржы жөніндегі бас директор;

5. Ермек Қуантыров, Құқықтық қамтамасыз ету және корпоративтік басқару жөніндегі бас директор;

6. Әлібек Алдоңғаров, кадр және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі бас директор;

7. Мұхит Мағажанов, сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директоры кіреді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар