«Қазақтың қорқынышты ертегілері» бірден халықаралық үш байқауға аттанды
Фото: fantasiafestival.com
«Қазақтың қорқынышты ертегілері» («Казахские страшные сказки») атты сериал бірден халықаралық үш байқауға жіберілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақ ертегілеріндегі тылсым күштерді бір арнаға тоғыстырған сериал Монреальдағы Fantasia Festival аясында көрсетіліп, бірден үш халықаралық фестивальге жол тартты: Париждегі L'Étrange, Германиядағы Seriesly Berlin және Венадағы SLASH!
Оқиға өзегінде — тергеуші Біржан. Ол тек нақты дерекке сенетін адам. Бірақ қазақтың шалғай ауылында ол ақылға сыймайтын дүниелерге тап болады: көне аңыздар, тылсым күштер және адамдардың жүрегінде жасырынған үрей.
Orda.kz редакциясы отандық туындыға ақ жол тілейді.
Айта кетейік, режиссер Елзат Ескендір түсірген «Әбіл» фильмі 2025 жылы ақпанда Францияда өткен 31-ші Vesoul халықаралық Азия кинофестивалінде де үш бірдей жүлдені еншілеген болатын: Қазылар алқасының бас жүлдесі, Киносыншылар жүлдесі және NETPAC қазылар марапаты.
Бұған дейін Елзат Ескендір «Қазақфильм» аумағына кіре алмай жүргенін, бұл мәселенің түп-тамыры киностудия басшылығының қазақ тілді режиссерлерге деген көзқарасында жатқанын мәлімдеген еді. Ол тілшімізге берген сұхбатында осы «Әбіл» фильмін түсіргенде көрген қиындықтары мен мемлекеттен бөлінген қаржы жайлы ашық айтып берді.
Жаңалықтар
- 7–9 наурызда Таяу Шығыстан келетін эвакуациялық рейстер
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді