Қазақстанның үш облысында республикалық жолдар жабылды

cover

Ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның үш облысында республикалық маңызы бар 4 жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Orda.kz       

10 наурыз сағат 08.00-ден бастап жолдардың келесі учаскелерінде шектеу қолданылады:

  • Қарағанды ​​облысы – 1 автомобиль жолы жалпы ұзындығы 118 шақырым (Ұлытау облысындағы ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты):
  •  «Қызылорда-Павлодар» – Ұлытау облысының шекарасы – Топар ауылы (көліктің барлық түрлері үшін).
  • Қостанай облысы – жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолы. (Ұлытау өңіріндегі ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты):
  •  «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау облысының шекарасы
  •  Арқалық (көліктің барлық түрлері үшін).
  • Ұлытау облысы – жалпы ұзындығы 543 шақырым болатын 2 автомобиль жолы. (Кей жерлерде температура нөлден төмен, жаңбыр жауады, көктайғақ):
  •  «Жезқазған-Петропавл» – Жезді ауылы – Қостанай облысының шекарасы;
  •  «Қызылорда-Павлодар» – Жезқазған қаласы – Қарағанды ​​облысының шекарасы (көліктің барлық түрлері үшін).
«Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары желісі бойынша шектеу 744 шақырымға немесе бүкіл жолдың 2,98 пайызына қатысты. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына 265 техника мен 285 адам жұмыс істеуде» делінген «Қазавтожол» хабарламасында. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар