Қазақстанның бірнеше өңірінде жер сілкінісіне байланысты дабыл іске қосылады

cover Фото: Uwaterloo.ca

Қазақстанның бірнеше аймағында жер сілкінісіне байланысты дабыл іске қосылады, деп хабарлайды Orda.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 23-24 шілдеде елімізде «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

24 шілдеде сағат 10:00-де жойқын жер сілкінісі болуы ықтимал еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында «Баршаның назарына!» дабыл-сөйлеу құрылғылары іске қосылады. Сондай-ақ адамдар көп жиналатын нысандарда сейсмикалық жаттығулар өтеді.

«Оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайды жоюға дайындық деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі», деп хабарлады ТЖМ. 

Еске сала кетсек, 11 сәуірде Атырау облысында жер сілкінген еді. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар