Қазақстанның бір өңірінде екі АЭС салу қажеттілік пе?

Қазан айының басында Қазақстан екінші атом электр стансасын салатын орынды таңдады. Ол біріншісінің АЭС-тің дәл қасында — Алматы облысы Үлкен ауылы маңында салынатын болды. Мұндай шешім біраз сұрақ тудырды, осы материалда Orda.kz энергетика саласы сарапшыларымен бірге сол сұрақтарға жауап іздейді.
Неліктен Алматы облысы?
Алматы облысы — елдің энергетикалық қауіпсіздігі тұрғысынан стратегиялық маңызды өңір. Мұнда Алматы қаласы, яғни елдің экономикалық күре тамыры өте жақын орналасқан. Жанында сондай-ақ, Түркістан мен Шымкент қалалары бар, мұнда халық саны үнемі өсуде, арнайы экономикалық аймақтар бар. Болашақта, «Алатау» қаласы бой көтерсе, елдің оңтүстігінде тағы бір халық пен бизнес шоғырланатын орталық пайда болады. Ал бұл электр энергиясына сұраныс артады деген сөз, ал қазір ондай сұраныс қанағаттандырылмай тұр.
Осы орайды энергетика саласының сарапшысы Еркебұлан Қошмамбет өз ойын білдірді.
«Қазақстанның энергожүйесі қазір үш энергетикалық аймаққа бөлінген деп шамалауымызға болады. Бұл — солтүстік аймақ, яғни Балқаштың төменгі жағы — Алматы немесе оңтүстік энергетикалық аймағы және батыс өңірі біршама автономды жұмыс істейді. Мәселе мынада: оңтүстік энергетикалық аймағы кеңестік заманан бері энергетикалық тапшылықта болды. Солтүстік аймақ 70 % электр қуатын өндіреді. Сондықтан біздің алдымызда тұрған міндет — энергиямен қамтамасыз ету солтүстікке емес, оңтүстікке — елдің шет аймағына бағытталу керек», - дейді ол.
Кеңестік кезеңде солтүстік пен оңтүстікті жоғары кернеулі желілермен байланыстырып қойған — бұл оңтүстік өңірлерді энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бірақ әр жыл сайын жүйеге түсетін жүктеме артып келеді. Сондықтан қазір Алматы облысы бірдей екі АЭС салу үшін ең логикалық орын болып көрінеді.
Бір жағынан, екінші АЭС елдің батысында да салынуы мүмкін еді. Ол себепсіз емес, 1999 жылға дейін Ақтауда әлемдегі алғашқы тәжірибелік‑өндірістік реактор БН‑350 жұмыс істеді. Екінші жағынан, Каспийде су мәселесі бар — теңіз тартылып барады. Балқаш көлі бұл тұрғыдан сенімдірек: есептер көрсетіп отырғандай, АЭС салу көлдің жай-күйіне зиян келтірмейді.
«Балқаш көліндегі су деңгейі соңғы он жылда бір метрге көтерілді — экология мамандары да, су саласы мамандары да осылай дейді. Яғни, су жағынан ондай мәселе болмайды, дегенмен АЭС көп су қажет етеді деп айту да дұрыс емес», — дейді Қошмамбет.
Оңтүстік өңірлердің энергиямен қамтамасыз етілуі ауқымды, сондықтан Алматы облысын Қазақстанның «атомдық жүрегі» ретінде таңдау мүлде орынды көрінеді. Оның үстіне, АЭС көмірмен жұмыс істейтін ескірген стансаларды алмастырады, оларды біртіндеп пайдаланудан шығару қажет.
«Біздің ТЭЦ‑тардың орташа жасы — шамамен 65 жыл. Жақын он жылда оларды біршама кезеңмен жою қажет болады. Төрт реактор осы жетіспеушіліктен өтеуге қабілетті. Ал III+ буын стансалары дұрыс пайдаланып отырса, 100 жылға дейін энергия өндіреді», — дейді Қошмамбет.
Неліктен бір емес, екі АЭС?
Енді бір сұрақ: неге екеуі салынады? Балқашта жай ғана төрт реакторлы бір АЭС салса болмай ма ?
Парламент Сенаты жанынағы эксперттер клубының мүшесі Тельман Шуриев мұнда ешқандай жасырын ой жоқ екеніне сенімді. Қазақстан билігі саналы түрде екі АЭС — әр түрлі мердігерлермен жасауға шешім қабылдады.
«Бірінші АЭС‑ті ресейліктер салады. Екіншісін қытайлар салады. Себебі жалпы төрт реакторлы жобалар, атап айтсақ Түркиядағы «Аккую» үлкен болып есептеледі. Егер инвестиция бір жерде тұрып қалса, онда бүкіл жоба тоқтап қалуы мүмкін. Сол себепті, осындай қауіп аз болсын деп екі жоба екі түрлі елдің мердігері арқылы жүзеге асырылады. Билік «Росатом» мен CNNC‑нің қаншалықты сапалы салатынын сынап көргісі келеді», — дейді Шуриев.
Сонымен қатар, бірінші толыққанды атом электр стансасының жобасы — өте икемді. Мысалға, орта жолда мердігерлердің бірі жұмыс істей алмаса, реактор саны артуы мүмкін.
«Бір АЭС‑та жеті‑сегіз реактор болуы мүмкін. Ал бірінші АЭС жобасы қазір екі реакторға есептелген, бірақ қажет болса әрі қарай тағы екеуін қосуға болады. Яғни, бір алаңда төрт реактор болуы әбден мүмкін — бұл барлық жобада бар», — дейді Қошмамбет.
Қазақстанның стратегиясы — болашақта үш АЭС орнына тіпті төртеуін салу мүмкіндігі бар және олар көбінесе шағын, екі реакторлы болмақ. Бірақ бұл мердігерлерді әртараптандыруға мүмкіндік береді.
Бас мердігер кім болмақ?
Қазақстанда екінші толыққанды АЭС‑ті да Алматы облысына салу жоспарланғаны туралы жаңалық билік бір ірі жобаны екіге бөлу үшін ыңғайлы сылтау іздеп жүр ме? Конспирология тұрғысынан қызықты, бірақ қазіргі қолдағы деректер оны қолдамайды.
Шуриев «Аккую» жобасын мысалға келтіреді, Ресейдің «Росатомы» да осындй жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұл дәл төрт реакторлы ірі АЭС. Биыл «Аккуюда» мердігерлерде жалақы кешігуіне байланысты наразылықтар басталды.
«Росатом» бұл қаржыландыру мәселелеріне «достық емес елдер әрекеттері» себеп дейді. Қазақстан билігі үшін мұндай жағдай — ескерту белгісі. Логистика және жергілікті мердігерлермен есеп айырысу тұрғысынан «Росатомға» Қазақстанда жұмыс істеу Түркияға қарағанда жеңіл болуы мүмкін, бірақ бұл санкциялық ықтималдықтар мен жалпы геосаяси шиеленістерге жол бермейді.
Бұл Қазақстан билігіне анық дабыл болды: «Росатомға» бірден екі жобаны бере салу ақыл‑ойға сай келмейді.
«Росатомға» алдымен бір жоба беру — оның мүмкіндігін талдау мен санкциялық тәуекелдерді жою тұрғысынан тиімді. Дегенмен Ресейде де қаржыландыру қиындықтары бар, оны олар салып жатқан ТЭЦ нысандарынан көруге болады, кейбірін Ресей салуы тиіс еді, бірақ қаржы жетпей, қазір қытайлар жүзеге асырып жатыр», — дейді Шуриев.
Бұл «Росатом» басқа АЭС салу жобаларынан тыс қалайды дегенді білдірмейді. Мүмкін екінші стансаны Қытай мен Ресей бірге консорциум арқылы салатын шығар. Бірақ Қазақстан бір ғана мердігерге өте маңызды екі жобаны бергісі келмейді. Ақыр соңында, егер бір жоба уақытынан кешіксе, ең болмағанда екіншісі уақытында орындалуы тиіс. «Қытай мердігерін таңдау — диверсификацияның бөлігі. Онда арнайы саясат жоқ», — деп түйіндейді Кошмамбет.
Сонымен, екі АЭС-те Қазақстанда бірнеше жылдан кейін ғана пайда болады. Ең бастысы билік қазірден бастап тәуекелдерді дұрыс бағалап, қаражатты әртүрлі себетке орналастырғаны маңызды.
Биылғы маусым айының ортасында Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі елдегі алғашқы ірі АЭС құрылысына кімнің бас мердігер болатынын ресми түрде жариялады. Таңдау «Росатом» компаниясына түсті.
Еліміздегі алғашқы АЭС атауына жарияланған байқау 25 қыркүйекте eGov Mobile мобильдік қосымшасы арқылы басталып, 10 қазанға дейін жалғасты.
Біздің үкімет АЭС құрылысы 10 мың жұмыс орнын ашып, инженерлерге сұранысты арттырады деп үміттеіп отыр.
Жаңалықтар
- Қандай алаяқтық несиелер есептен шығарылады
- Қара халықтың «қанын қайнатқан» қолжетпес тариф кімнің қалтасын қампайтып жатыр?
- Air China ұшағында қол жүгінде жатқан литий батареясы жанып кетті
- Қазақстанның бір өңірінде екі АЭС салу қажеттілік пе?
- Ресейлік Су мен түркиялық F-16 эскорты: Путиннің Будапештке қалай жететіні белгілі болды
- Еліміздегі жаңа Салық кодексіне петиция жарияланды
- Астана сотының ғимаратына кірмекші болған мүгедектер арбасындағы әйел омақаса құлады
- Бектенов өңірді дамыту бойынша артта қалған Абай облысының әкімі Берік Уәлиге талап қойды
- Ақтауда қыз бала элиталық үйдің 18-қабатынан құлап кетті
- «Қазақстан барысы – 2025»: Еліміздің ең мықты – балуаны әскери қызметші
- «Монархия емес, демократия»: АҚШ-та Трамп саясатына қарсы тағы да ауқымды наразылық өтті
- Пәкістан мен Ауғанстан оқ атуды тоқтатуға келісті
- Ресми сайттағы қазақша терминдер жаңартылады
- Ресей Қазақстаннан бидай әкелуге рұқсат берді
- Тегеран санкцияларға құқықтық негіз жойылғанын мәлімдеді
- Алматыдағы жер жанжалы: әкім мәселені бақылауға алды
- Жанармай бағасы өспейді: Энергетика министрлігі түсініктеме берді
- Зеленский мен Трамп Ақ үйде не туралы уағдаласты
- Премьер баға өсімін тежеді. ҚР әскерінде тағы да өлім-жітім өршуде. «Орда» ЕҚЫҰ конференциясында
- Бас прокуратура рейдерлікке қатысты Нұрбол Назарбаевтың аты аталған істі қайта жандандырды