Қазақстанның әр аймағынан жиналған белсенділер нені сөз етті
Фото: Orda.kz
Алматы қаласында құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның бастауымен баспасөз-мәслихаты өтті. Аталмыш жиында Қазақстанның әр аймағынан құқық қорғаушылар жиналып, өңірлерде болып жатқан мәселелерді қалай көтеріп жатқандарын, қандай мәселе шешілді, қандай мәселе әлі шешімін таба алмай жатқандығы туралы БАҚ өкілдеріне мәлімдеді.
Баспасөз-мәслихатына Orda.kz тілшісі де қатысты.
Жиында Бақытжан Төреғожина аймақтардағы құқық қорғаушыларға арнайы вебинар өткенін, сауатты болуын бүгінде одан 100-ге жуық адам өтіп, өз құқықтарын қорғай алатындарын айтты. Құқық қорғаушылар Алматы қаласында көп шоғырланған, алайда басқа өңірлерде құқық қорғаушыларды табу қиын екенін тілге тиек етіп, сөзді Виталий Шевченкоға берді.
«Менің айтқым келгені - қазіргі қоғамда ЛГБТ насихатына қатысты мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршинның дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды насихаттауға тыйым салу ұсынысы бойынша дискуссия жүріп жатыр. Жасөспірім кезімде өзім гомофобия мен буллингке көп ұшырадым. Осы тақырыпты көтергенімде Жаңбыршин маған үніңді шығарма деді. Осыдан кейін мен оған азаматтық талап қойып, қазір ол қабылданып, іс жүріп жатыр», - деді Шевченко.
Келесі сөз Орал қаласының белсендісі Хәкім Меңдібаевқа берілді. Ол өңірдегі жол, түрме және бейбіт митинг өткізу мәселесі бойынша сөйледі.
«Оралдағы көшелердің бірінде кәріз құбырынан далаға су ағып жатыр, оны қайта-қайта айтып жатқанымызға 3 жылдың көлеміндей болып қалды. Кейін ол мәселені БАҚ өкілдері арқылы ғана шештік», - деді Хәкім Меңдібаев.

Абай облысынан келген Дариға Кенжебаева да әлеуметтік тұрғын үй құрылысы туралы сөз көтерді. Ол өзі үй алу кезегінде 14 жыл тұрғанын, алайда үй алған соң келеңсіздіктерге тап болғанын айтты.
«2022 жылы үй алдым, кейін, алған үйдің қабырғаларындағы жарықшақтар болды, төбесі жылы жабылмаған, терезеден суық кіріп және жылыту жүйесі де дұрыс жұмыс істемейді. Үйді салған құрылыс компанияларына осы мәселені айтқанда, олар бізді елемеді. 3 жыл бойы шағымданып келіп, былтыр қараша айында қаралды. Үйді салған компаниямен кездескенде, олар барлық сұрақты әкімдікке қою керектігін айтты. Мен әкімдікке шағымдандым және прокуратураға арыз жаздым. Олар автоматты түрде тұрғын үй инспекциясына жіберді. 2 күннен кейін комиссия келіп, қазіргі уақытта тек қабырғадағы жарықшақтар мен төбені жауып және терезедегі кем-кетіктерімен айналысатындарын айтты. Қалғанын қысқы маусымда әзірге істей алмайтындарын, шамамен наурыз, сәуір айларында кірісетіндерін мәлімдеді», - деді Абай облысының белсендісі Дариға Кенжебаева.
Семейден келген белсенді қаншама жыл кезекте тұрып күткені осындай үйге лайық емес екенін, көктемде бәрі ойдағыдай болып кетеріне күмәнмен қарайтынын айтып, қорытындылады.
Қостанай облысынан Сандуғаш есімді белсенді іс-шараға спикер ретінде қатысты. Өз кезегінде ол ауыл-аймақтарда интернеттің жұмыс істемейтінін сөз етті.
«Менің тұратын ауылым Ресейден 100 шақырым, Қостанай қаласынан да 100 шақырым жерде орналасқан. Далада ХХІ ғасыр ал біздің ауылда әлі күнге дейін интернет жоқ. Жалпы, ғаламтор негізі болған, алайда бір жылдары жоқ болып кетті және сол күйі әлі істемей келе жатыр. Барлық техника бар, бірақ не үшін жұмыс істелінбей жатқаны әлі күнге дейін белгісіз. Себебін ешкім білмейді. Қостанай облысының әкіміне, аудан әкімі мен ауыл әкіміне хат жаздым. Сондай-ақ, цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігіне де жаздым. Ал халық Wi-Fi күшейткішін орнатып, күнін көріп отыр. Мәселе әлі шешілген жоқ, алайда осы үшін соңына дейін барамын», - деді Сандуғаш Саид-Ахмет.
Барлық спикерлер сөйлеп болған соң, Бақытжан Төреғожина қорытынды сөзін айтты. Ол жақында Америка Құрама Штаттарында болғанын, ол жақта аймақтық белсенділердің жоғын айтты. Өйткені оларда Қазақстандағыдай мәселе болмайды, оларда көбіне мәселе миграцияға қатысты болғандықтан көп құқық қорғаушылар соның айналасында жүреді.
Жалпы елімізде белсенділер көтеретін мәселе жетіп артылады. Әлеуметтік мәселеден бастап, құқық қорғау саласында, кез-келген салада сөз етерлік жағдай жеткілікті. Дегенмен БАҚ өкілдерін жинап алып, әр аймақтан келген белсенділердің сөзінен татып аларлық тақырып таппадық...
Еске сала кетейік, Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғындары мен кәріз суын тасымалдаушы жүргізушілер ереуілге шықты.
Жаңалықтар
- Алматыда танымал кәсіпкердің 16 жастағы қызы мектепте өзіне қол жұмсауға тырысқан
- Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері болып тағайындалды
- Қазақстандық банк арқылы 7 трлн теңге шетел асып кеткен
- Конституцияға 84% өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі
- Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы сыбайлас жемқорлық үшін сотталды
- Қарағандыдағы кафеде газ жарылып, екі адам қайтыс болды
- Қазақстанның әр аймағынан жиналған белсенділер нені сөз етті
- Әскердегі сарбаздардың қазасы: бірнеше командир лауазымынан босатылды
- Қырғызстан мигранттардың туыстарына тегін медициналық көмек көрсетуден бас тартқан Ресейді сотқа берді
- «Қаскелең нәжіске батып жатыр»: Қарасай ауданындағы кәріз дауы ушықты
- Жоспарланған кісі өлтіру ме? Василий Колесниковтың қазасы туралы не белгілі
- Щучинск қаласындағы әскери колледжде қызылша ауруы өршіді
- Жамбыл облысында тағы бір сарбаз қаза тапты
- Шавкат Рахмоновтың жұбайы 10 жылға сотталуы мүмкін
- Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалда кінәлі деп танылды
- Петропавлда кәсіпкердің отбасын қырып салған әйел мерзімінен бұрын бостандыққа шықты
- Нани мен Мозес ҚПЛ-да: Қазақ футболы жұлдызды ардагерлерден не күтеді?
- Таразда қарамағындағы балаларды азаптаған Зүлфия Төленова қамауға алынды
- Маңғыстауда 13 жастағы өгей қызын зорлады деп күдікке ілінген ер адам өзін атып тастады
- Светлана Жақыпова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды