Қазақстанға қауіп жоқ: Газадан қоныс аударатындар туралы ақпаратқа СІМ түсініктеме берді
Фото: elements.envato.com
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Газа тұрғындарын біздің елімізге көшіру туралы желіде желдей есіп жүрген сыбыстарды жоққа шығарды, деп хабарлайды Orda.kz Stopfake.kz.
Тарап кеткен ақпаратта 2026 жылдан бастап Газа секторы тұрғындарын Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанға кезең-кезеңмен көшіру басталатыны жазылған.
«Үш елдің әрқайсысы 300 мың босқынды қабылдайды. Қоныс аударушылар үшін тұрғын үй жағдайлары қамтылады, қаржылық және гуманитарлық көмек көрсетіледі» деп жазлған жалған мәтінде.
Жарияланымдарда бұл туралы Сауд Арабиясының тақ ханзадасы мәлімдегені айтылған.

Хабарламаға Сыртқы істер министрлігінде түсініктеме берді:
«Бұл жаңалық шындыққа жанаспайды. Тек ресми ақпаратқа ғана сенуді сұраймыз».
АҚШ президенті Дональд Трамп кеше кешкісін америкалық әуе күштері Иран аумағындағы үш ядролық нысанға – Фордо, Натанз және Исфаханға әуе соққыларын жасағанын хабарлады.
АҚШ президенті Иранның негізгі ядролық нысандарына жасалған соққылардан кейін өз халқына үндеу жасады.
Осы оқиғалардан кейін Аятолла Әли Хаменеи елдің Сарапшылар ассамблеясына егер ол қасақана қаза тапса, оның лауазымын атқара алатын діни қызметшілер арасынан үш кандидатты таныстырды.
Жаңалықтар
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр