Қазақстанға дәрілер көбірек әкеліне бастады
Еліміздегі дәрілік заттардың импорты көлемдік мәнде 9%-ға өсті, бірақ ақшалай түрде 3%-ға төмендеді.
Биылғы жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша елімізге жалпы құны 791,8 млн АҚШ доллары болатын 15,8 мың тонна дәрі-дәрмек импортталды, деп хабарлайды Energyprom. Физикалық мәнде импорттың өсімі 8,8%-ды құрады. Бұл ретте ақшалай түрде 2,5%-ға қысқару тіркелді.
Есепте ТМД елдерінен 72,1 миллион долларға 4,8 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінгені атап өтілді. Мұнда импорттың негізгі көлемін Ресей қамтамасыз етті: 3,5 мың тонна – бір жыл бұрынғыдан 5,7%-ға аз.
ТМД-дан тыс елдерден Қазақстан 719,7 млн АҚШ доллар болатын 11,1 мың тонна дәрі-дәрмек импорттады. Мұнда Қытай негізгі жеткізуші болды: 2,3 мың тонна дәрі – өткен жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда 15,5%-ға артық.
2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында елде 96,3 млрд теңгенің фармацевтикалық өнімдері өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 8,3%-ға аз.
Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі 4 млрд теңге (плюс 69,2%), фармацевтикалық препараттар мен медициналық материалдардың өндірісі – 92,3 млрд теңгені (минус 10,1%) болды.
Өңірлер бойынша өнім шығарудың ең көп көлемі Шымкентке тиесілі: 29,7 млрд теңге, бір жыл ішінде минус 21,8%. Үздік үштікке Алматы облысы (27,8 млрд. плюс бір жыл ішінде 1,4%) және Алматы (17,3 млрд, плюс 27%) кірді.
Биылғы жылдың қыркүйек айында дәрі-дәрмектің, медициналық техниканың және құрал-жабдықтардың бағасы жылдық мәнде 12,4%-ға өсті.
Өңірлер бойынша сектордағы бағаның ең көп жылдық өсімі Ақмола облысында байқалды: 22,3%-ға. Алғашқы үштікке Солтүстік Қазақстан облысы (плюс 20,3%) және Алматы (плюс 17,1%) қалалары кірді. Ең аз жылдық баға өсімі (5%) Түркістан облысында байқалды.
Жаңалықтар
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді