Қазақстандықтардың зейнетақы қорына сатып алынған «Эйр Астана» компаниясының акциялары арзандады

cover Бейнажазбадағы кадрдан үзінді

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов жағдайға қатысты пікір білдірді. Бір сөзбен айтқанда, акциялар ұзақ мерзімге сатып алынды және олар бойынша болжам жоқ, бірақ қазақстандықтар шығынға ұшырамайды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

«ЕПНФ ұзақ мерзімді инвестор ретінде келеді. Дәл осы тұрғыдан біз AirAstana-ға кірдік. Акциялар бойынша болжам жоқ, бірақ брокерлік компаниялардың ұсыныстарымен танысу керек», – деді Баймағамбетов. 

Акциялар пайдасыз бола берсе, ақша қайтарыла ма деген сұраққа жауап болмады.

«Қор нарығына инвестиция салуда әрқашан өсу де, құлдырау да болуы мүмкін. «Эйр Астананың» акциялары өсіп келе жатқан компанияның акциялары ретінде сатып алынды, оның қаржылық нәтижелерінің бір тоқсанда төмендеуі бүкіл компанияның рентабельді еместігін білдірмейді», – деді әңгіме соңында Ұлттық банк төрағасының орынбасары. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар