Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан жүлделермен оралды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Ресейде табиғи ғылымдар бойынша IJSO-2025 халықаралық олимпиадасы алғаш рет өткізілді. Қазақстандық оқушылар осы халықаралық олимпиададан жүлделермен оралды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ресей Федерациясының Сочи қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы IJSO-2025 халықаралық жаратылыстану олимпиадасы өз мәресіне жетті. Білім додасына әлемнің 21 елінен 120-дан астам оқушы қатысып, физика, химия және биология пәндері бойынша өз білімдерін сынға салды.
Қазақстанның түрлі мектептерінен қатысқан 6 жоғары сынып оқушысы 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
IJSO-2025-ке әлемнің 20-дан астам елінен оқушы қатысты. Байқау тест, теориялық және практикалық турлардан тұрды.
Күміс медаль иегерлері:
- Ратмир Кутырев – Алматы қаласындағы РФММ 10-сынып оқушысы;
- Даниил Перепелица – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы;
- Мухаммад Сыздықов – Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған Білім-инновация лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.
Қола медаль иегерлері:
- Тимур Алпысбаев – Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
- Ерасыл Дүйсенбеков – Абай облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған Білім-инновация лицейінің 10-сынып оқушысы;
- Нұрсейіт Сейтқазиев – Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған Білім-инновация лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.
Жаңалықтар
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу