Қазақстандық кинематографистер Азия Оскарында үш жүлде алды
«Бауырына салу» фильмінен кадр
3 қарашада Австралияның Брисбен қаласында Asia Pacific Screen Awards марапаттау рәсімі өтті. 2023 жыл Қазақстан үшін табысты жыл болды. Ұсынылған үш фильміміз де өз номинациялары бойынша жеңімпаз атанды.
APSA – Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең маңызды және беделді киносыйлық. Биыл оған әлемнің осы бөлігіндегі 32 елдің үздік фильмдері қатысты.
Режиссер Дархан Төлегеновтің «Ағайындылар» фильмі «Үздік жаңа актер» номинациясы бойынша жүлде алды - жеңімпаз - дебютанттар Айбар Салы мен Әлішер Исмаилов басты рөлдерді сомдаған.
Айсұлтан Сейітовтің «Қаш» фильмі «Үздік операторлық жұмыс» номинациясында жүлдені қоюшы-оператор Азамат Дулатовқа бұйырды.
Соңында «Үздік жастар фильмі» аталымы бойынша Асхат Күшіншерековтың «Бауырына салу» фильмі жеңімпаз атанды.
Бір қызығы, аталған қазақ фильмдерінің барлығын жас режиссерлер түсірген, олар үшін дебюттік толықметражды туындылар. Бұған дейін «Ағайындылар» және «Қаш» фильмдері қазақстандық тәуелсіз «Сыншылар таңдауы» киносыйлығында «Үздік фильм» және «Үздік дебют» жүлделерін алған болатын.
Естеріңізге сала кетейін, Қазақстандық белгісіз «оскар» комитеті биыл отандық фильмдердің бірде бірін лайықты көрмеген.
APSA-ның үздік фильмін Жапонияда түсірілген культ неміс шебері Вим Вендерс «Мінсіз күндер» деп атады, ал қазылар алқасының жүлдесі атақты жапон режиссері Рюсуке Хамагучидің «Зұлымдық жоқ» фильміне берілді.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды