Қазақстандық кәсіпкер Қырғызстан таққан айыптарға қатысы жоқтығын дәлелдеді

cover Фото: Forbes

Қырғызстанда қазақстандық кәсіпкер Владимир Жұманбаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Бұл туралы Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті хабарлайды.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қазақстандық кәсіпкерге қатысты істі тоқтатты. 

«19 маусымда В.Жуманбаев Қырғызстанға келді. Қырғыстанда тергеу органдарымен бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде В.Жұманбаевқа тағылған айыптар ұйымдасқан қылмыстық топ қызметіне қатысы  болмауына байланысты алынып тасталды. Сотқа дейінгі іс жүргізу тоқтатылды» деп хабарлады мекеме.

Айта кетейік, бұған дейін ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қазақстандық Forbes тізімінде 25-орында тұрған кәсіпкер Владимир Жұманбаевқа Қамшы Көлбаев ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландырды деген күдікпен іздеу жариялаған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар