Қазақстандағы Жеңіс шеруі тек Байқоңырда өтеді
Фото: Байқоңыр әкімшілігі
Байқоңырда Жеңіс шеруі өтеді.
Қазақстанда соңғы әскери шеру 2018 жылдың 7 мамырында өтті. Биыл үкімет әскердің жауынгерлік әзірлігін күшейтіп, қаржыны үнемдеу мақсатында салтанатты шеру өткізбеу туралы шешім қабылдады.
Дегенмен, Қазақстанда әлі де шеру өтетін қала бар. Байқоңыр қаласының әкімдігі мамыр айындағы іс-шаралар туралы алдын ала хабарландырумен бөлісті. 9 мамырда Байқоңырда Ленин алаңында концерт, митинг, гүл шоқтарын қою және Жеңіс шеруі өтеді.
Байқоңырда 70 мыңнан астам адам тұрады, басым бөлігі Қазақстан азаматтары. Байқоңыр Ресейге 2050 жылға дейін жалға берілген «Байқоңыр» кешенінің бір бөлігі. Ол сондай-ақ Ресей Федерациясының федералдық маңызы бар қаласына сәйкес мәртебеге ие.
Қазақстан бюджетіне жыл сайын жалға алу үшін 115 миллион доллар түседі.
Қазақстан бес жыл қатарынан Жеңіс шеруін өткізген жоқ. 2020 және 2021 жылдары іс-шаралар коронавирустық пандемияға байланысты тоқтатылды. Одан кейінгі жылдары Қорғаныс министрлігі басқа да басымдықтар бар деп жауап берді.
Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындықты бастауды тапсырған болатын.
Жаңалықтар
- Ирандағы «мұнай аралас жаңбыр»: ДДҰ дабыл қақты
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіттері табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр
- Қазақстандық ғалым Шыңжаңда Абайды «дұрыс түсіндірмеді» деген айыппен сотталды
- Щучинскідегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада бақилық болды
- Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жағдайына байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы өсе түсті
- Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
- Таяу Шығыс елдеріне 28 ақпаннан кейін рәсімделген турларға кепілдік берілмейді
- Алматыда ауаның ластанғаны ескертілді, мәслихат арнайы ереже қабылдады
- Спортшыларымыз халықаралық аренада бірнеше жарқын нәтиже көрсетті
- «Дамумед» жеке деректерді заңсыз пайдаланып, 66 миллион теңге залал келтірді
- Иран Сарапшылар кеңесі жаңа жоғарғы көшбасшы кім екенін мәлімдеді
- 9 бен 16 жас аралығындағы жас шахматшылар БАӘ-ден елге қайта алмай отыр
- Иранда жаңа жоғарғы көшбасшы таңдалды, бірақ аты аталған жоқ