Қазақстандағы су тасқыны: су 59 елді мекенмен байланысты үзді
Фото: ТМЖ
Қазақстанның әр өңірінде су тасқынын жою жұмыстары жалғасып, алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр.
Су тасқыны кезеңінің басынан бері 75 мыңнан астам адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның 18 мыңы балалар.
Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында шиеленіскен жағдай жалғасып жатыр.
ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің мәліметінше, республикада 3704 жеке тұрғын үй мен 1824 саяжай су астында қалып отыр.
Уақытша орналастыру орталықтарында 7 мыңнан астам адам болса, оның 3180-і балалар. Қазір елдің он аймағында төтенше жағдай жарияланды.
Апаттық-құтқару жұмыстарына 17 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Сенім телефоны ашылып, оған мыңнан астам қоңырау келіп түскен.
«Зардап шеккен аймақтарға 127 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді, Қырғызстаннан гуманитарлық көмек жолға шықты (тамақ, жылы киімдер салынған тіркемесі бар 15 жүк көлігі)» деді ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің басшысы Қаһарман Оразалин.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды