Қазақстандағы гранттар саны қысқаратыны рас па?
ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Еңбек күніне арналған форум аясында Қазақстанда гранттар санын қысқартуға болатынын айтты.
Журналистер бұл мәселе туралы «Қазақстанда 2037 жылдан бастап гранттар беру тоқтатылатыны рас па?» деп сұрады.
«Негізі ақпарат дұрыс емес. Гранттар 2037 жылдан бастап тоқтамайды. Бірақ грант саны азаюы мүмкін. Біз жоғары оқу орындарына қолжетімділікті сақтаймыз, бұл тұрғыда ешқандай өзгеріс болмайды. Бірақ гранттар саны өзгеруі немесе азаюы мүмкін», - деді Саясат Нұрбек жауабында.
«Бұл отбасыларға баласына 5 жастан бастап біртіндеп ақша жинауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біздің мемлекет сақтандыру және жинақ компанияларынан төлем жүргізетін болады. Бұл жоғары білімге қолжетімділікті сақтау үшін жоспарланған шара. Өйткені, ақша 15 -20 жастан бастап біртіндеп жиналады. Бала 17-18 жасқа келгенде 12,5 млн.теңге жиналады. Қазір барлық есептерді жасап жатырмыз. Яғни, бала жоғары оқу орнына түскенде отбасында кепілдендірілген жинақ болады. Сондықтан бұл бір күнде бола салатын жағдай емес. Гранттар саны азаюы мүмкін. Бірақ грантқа мемлекеттік тапсырыс сақталады. Бұл біздің мемлекетіміздің басты қызметі», - деп түйіндеді министр.
1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Келешек» Бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырған болатын.
Жаңалықтар
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді