Қазақстанда жаңа мамандықтар пайда болады
Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев елімізде ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мамандарды даярлау туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, бүгінде дефектологтар, логопедтер, нейропсихологтар, әлеуметтік педагогтар және басқалары сұранысқа ие. Арнайы педагогика саласында мамандар даярлауды 17 жоғары оқу орны жүргiзедi.
«2024-2025 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бойынша бакалавриатқа 656 грант, магистратураға 150, докторантураға 13 грант бөлінді», - деді Көшербаев депутаттық сауалға берген жауабында.
Білім беру бағдарламасының тізіліміне 62 бағыт енгізілген, оның ішінде:
- «Арнайы педагогика»,
- «Аутистік спектрі бұзылған балаларды сүйемелдеу»,
- «Тифлопедагогика»,
- «Инклюзивті білім беру»,
- «Ерте қолдау педагогикасы»,
- «Эрго-педагогика» және басқалары.
Сондай-ақ, арнайы білім беру бойынша кәсіби стандартқа жаңа мамандықтар қосылды:
- ерте қолдау педагогы,
– эрго-педагог,
- қарым-қатынасы және әлеуметтік бейімделуі бұзылған балалармен жұмыс жөніндегі педагог,
- психикалық дамуы тежелген және оқуда қиындықтары бар балалармен жұмыс жөніндегі педагог.
2024 жылы білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін 240 қазақстандық педагог марапатқа ие болып, еліміздің үздік мұғалімдеріне Қазақстан Республикасы Білім министрінің атынан марапаттар табыс етілді.
Жаңа жылда Семейде шыршаны безендіруге келген мұғалім биіктен құлап, қаза тапты.
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы мектептерде жалған құжатпен жұмысқа тұрған жеті мұғалім ұсталды.
Жаңалықтар
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді