Қазақстанда жаңа халықаралық рейс пайда болады

cover Фото: Envato

Ұшулар осы жылдың 1 маусымында басталады.

Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

«Uzbekistan Airways» әуе компаниясы Алматы-Нөкіс жаңа бағыты бойынша тұрақты рейстерді жүзеге асыра бастайды. Рейстер аптасына 2 рет, сәрсенбі және сенбі күндері  сыйымдылығы 174 орындық Airbus A320 сияқты ұшақтармен орындалады.

«Жаңа әуе жолының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді» делінген хабарламада.

Қазақстаннан 28 елге 121 бағыт бойынша халықаралық рейстердің жалпы саны аптасына 567-ге жетті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар