Қазақстанда заңды неке азайды

cover Фото: tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазақстанда некеге тұру саны антирекорд орнатты.

Бірінші несие бюросының мәліметі бойынша, өткен жылы елімізде 120,9 мың  отбасы ресми түрде некеге тұрған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 6 пайызға дерлік аз. Бұл көрсеткіш соңғы 19 жылдағы ең төменгі деңгейге жетті.

Бұл қазақстандықтардың некеге тұруға асықпайтынын білдіреді. Бір қызығы, бұл көрініс Ұлытау өңірінен басқа барлық өңірлерде байқалады.

Ең тығыз қоныстанған өңір – Түркістан облысында да жыл санап жаңа тіркелген неке саны айтарлықтай азайған. Басқа оңтүстік облыстарда да  теріс динамика байқалды, бірінші кезекте Алматы облысы тұр.

Айта кетейік, өткен жылы туғандар саны азайған. Қазіргі нәтиже – 388 мың адам, бұл соңғы 10 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар