Қазақстанда Украинадағы соғысқа қарсы 18 жастағы ресейлік ұсталды

cover Фото: freepik.com

Қазақстанда Украинадағы соғысқа қарсы екенін айтып жүрген 18 жастағы ресейлік белсенді Павел Владимиров ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Павел Владимировтің қолға түскенін «Посткеңестік солшылдар одағы» мәлімдеді. Мәліметтерге сүйенсек, белсенді 4 қыркүйекте ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалған. Бірақ 18 жастағы ресейлікті қудалауға нақты не себеп болғаны белгісіз. Ресейде ол «террористік ұйым қызметіне қатыспақ болды» деген айыппен іздеуде жүр.

Саха белсендісі Айхал Аммосов Павел Владимиров жөнінде Алматыдағы тергеу изоляторында отырған кезде білген.

«Ол идеяға берілген адамға ұқсайды. Ол маған қызына хат тапсыруды сұрап, достарының телефонын берді. Ешкім Пашаның Қазақстан түрмесінде отырғанын білмейді», - дейді Айхал Аммосов.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар