Қазақстанда Путин, Трамп және Байден есімді қанша адам тұрады
Фото: kremlin.ru
Қазақстанда Путин, Трамп және Байден есімді қанша адам тұратыны белгілі болды.
Ranking.kz биыл 29 ақпандағы мәлімет бойынша, елімізде Қазақстан есімді 24 адам тіркелгенін жазды.
"Қазақстан атты азаматтар ең көп Ақмола облысында тұрады екен: 7 адам. Астанада осындай есімді тағы 5 адам, Қарағанды облысында 4 адам бар. Сонымен қатар, Қазақстан есімді 3 адам Қостанай облысында, 2 адам Маңғыстау облысында, 2 адам Шымкент қаласында, 1 адам Батыс Қазақстан облысында тұрады".
Халық арасында Қазақстандағы қалалардың аттастары да бар. Мәселен, қазақстандықтардың ішінде 24 Астана, 20 Алматы және 3 Шымкент есімі бар.
Сонымен қатар, ҚР-да Семей есімді 27 адам, Атырау есімді 15 адам, Түркістан есімді 15 адам , Тараз есімді 14 адам, Ақтау есімді 10 адам, Ақтөбе есімді 1 адам, Талдықорған есімді 1 адам бар.
"Саяси қайраткерлердің де аттары кездеседі. Атап айтқанда, ҚР-да 12 Қасым-Жомарт, 1 Путин, 1 Трамп және 8 Байден тұрады".
Биыл қаңтардағы Қазақстанда ең танымал есімдер – Медина мен Әлихан. Еліміз бойынша 517 Медина мен 313 Әлихан туған.
Қыздардың есімдері бойынша үздік бестікке Асылым (468 адам), Айша (436 адам), Айлин (387 адам) және Томирис (318 адам) кірді.
Ұл балалар есімдерінің ішінде ең танымал бестікке Мұхаммед (305 адам), Айсұлтан (238 адам), Мухаммад (231 адам) және Алдияр (219 адам) кірді.
Жаңалықтар
- Нұрлан Сабуровтың әйелі Ресейдегі бизнесін жапты
- Тоқаев: «Тағдыршешті сәтке куә болдық»
- Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыруға қатысты Жарлыққа қол қойды
- Қазақстанда тек шетелдіктерге арналған жаңа казинолар ашылады
- Несие алу қиындайды:Ұлттық банк қосымша шектеулер енгізеді
- Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектеп «Домбыра – дастан» атты ауқымды онлайн концерт ұйымдастырды
- 36 күдікті ұстау изоляторында: Сталкинг бойынша сотқа 51 іс жолданды
- Кубадағы толық блэкаут: Энергетикалық дағдарыс, Трамп қысымы және көшедегі наразылық
- Рахат Тұрлыханов қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін
- Ауғанстан–Пәкістан соғысы: Кабулдағы ауруханаға соққы жасалды — 400 адам қаза тапты, тағы 250 жарақат алды
- Есірткі өндіруді әкесі үйреткен: Ақмола облысында әкесі мен баласы есірткі зертханасын ашқан
- Қаражатын инвестициялауға үгіттеген: Желі арқылы жұртты алдаған алаяқ Ресейден экстрадицияланды
- Референдум қорытындысы: 87,15% қазақстандық жаңа Конституцияны қолдады
- Балаларға қатысты зорлық-зомбылық: Тергеу жүйесіндегі негізгі мәселелер қандай?
- Иран Орталық Азия еліне әскери ескерту жасады
- Қазақ салтындағы бала асырап алу дәстүрі
- Тоқаевқа референдум нәтижесіне орай тағы құттықтау жеделхаттары келіп түсті
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады