Қазақстанда көлік сақтандыру бағасына еуропалық хаттама енгізіледі

cover Сурет ашық дереккөзден

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап сақтандыру төлемдерін қабылдау процесі оңтайландырылатын болады. 

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Елімізде 2024 жылдың басынан бастап көлік құралдарын міндетті сақтандыру бойынша төлем алудың жеңілдетілген тәртібі (Еуропротокол) енгізіледі. Икемді деп аталатын тарифтер жүргізушілер жағдайын да өзгертеді. Сақтандыру сомасы аймақтағы жазатайым оқиғалардың деңгейіне байланысты реттелетін болады.

«2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап автокөлікті сақтандыру икемді тарифке көшеді. Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу кезінде әрбір өңірдің жазатайым оқиғалардың коэффициенті есептеліп, әр аймақтың мақсатты шығын коэффициенті белгіленіп, соған байланысты тарифтер түзетілетін болады», - деді спикер.


Хаджиеваның айтуынша, сақтандыру ұйымдары бұл тарифті түзету коэффициентіне байланысты, бірақ 10%-дан аспайтын мөлшерде өз бетінше көтеруге немесе төмендетуге құқылы. Оның айтуынша бұл тәсіл жазатайым оқиғалар деңгейі төмен өңірлердегі халықты сақтандыру құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

«Тарифтердің алдын ала есептеулері бойынша 11 өңірде сыйлықақылардың төмендеуі күтілуде, екі аймақта сақтандыру сыйлықақысының мөлшері өзгеріссіз қалады», - деді Хаджиева.


Ең көп төмендеу Атырау, Алматы және Солтүстік Қазақстан облысында күтілуде. Қазақстанның Жамбыл, Қызылорда, Шымкент облысы мен Астанада жазатайым оқиғалардың жоғары деңгейіне байланысты сақтандыру құнының шамалы өсуі болуы мүмкін.

Спикердің есебінше  жалпы соңғы жылдары елімізде сақтандыру саласы цифрландыруда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіпті. Ол мемлекеттік ресурстардың әртүрлілігімен біріктірілген бірыңғай сақтандыру базасы.

«Бұл сізге шарт жасасу үшін де, клиентке төлем жасау үшін де қажетті ақпаратты қашықтан алуға мүмкіндік береді».


Ол сақтандырудың міндетті түрлері бойынша шарттардың 100 пайызы электронды түрде жасалғанын атап өтті.

Айтпақшы, көрші Ресейде еуропалық хаттама 2009 жылдан бері қолданылып келеді. Бұл ретте жүргізушілер оған 2022 жылы ғана онлайн өтініш беру мүмкіндігіне ие болды.

Еуропалық хаттама екі көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасын жол полициясын шақырмай, сотқа жүгінбей-ақ жазуға мүмкіндік береді. Ол үшін апаттан зардап шеккендер болмауы керек, тек көлікке зақым келтіруі тиіс. Бұл ретте екі жүргізушінің де  міндетті сақтандыру полисі болуы керек, ал келтірілген шығын мөлшері 100 АЕК – 2023 жылы 345 мың теңгеден аспауы тиіс.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар