Қазақстанда хиджаб пен басқа да діни киім киюге тыйым салынуы мүмкін
Сурет ашық дереккөзден
Қазақстанда хиджаб пен басқа да діни киімдерді қоғамдық орындарда киюге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Астанада өткен брифингте Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті.
Оның айтуынша, Қазақстанда діни мәселе ұшығып барады. Елді агрессивті исламдандыруға биліктің назарын аудару үшін депутаттар тарапынан бірнеше сауалдар жолданды. Алдағы уақытта Мәдениет министрлігі жаңа заң жобасын әзірлемек.
«Бүгінгі таңда дін мәселесі өте өзекті болып отыр. Мәселе халықтың діндарлығында емес, діни сауатсыздықта. Дәстүрлі емес діни ағымдардың дәстүрлі ағымдармен қатар белсенді жұмыс істеп жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан министрлік үш бағытта жұмыс істеп жатыр. Бұл деструктивті материалдарды анықтау үшін әлеуметтік желілерге тәулік бойы мониторинг жүргізу (...). 1 қаңтардан қыркүйектің соңына дейін терроризм мен діни экстремизмді насихаттау қағидаттарын қамтитын 14 860 материал анықталды», - деді Балаева.
Ол бұл іске теологтар, жұртшылық, сарапшылар мен қоғамдық ұйымдар жұмылдырылатынына уәде берді. Еліміздің «Дін туралы» заңы да өзгереді. Ол қатайтылуы мүмкін. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда хиджаб киюге тыйым салу.
«Кем дегенде қоғамдық орындарда. Мен бұл тәжірибені бүкіл әлемде көріп отырмын, өйткені бұл ұлттық қауіпсіздігіне қатысты мәселе. Қоғамдық орындарда бетін жауып алғандарды тану өте қиын. Бұл тағы да қоғаммен бірлесіп зерттелетін болады. Ал біз уәкілетті орган ретінде осы бағыттағы жұмысымызды күшейтіп, заңнаманы қатайтатынымыз анық», - деп қосты министр.
Сенатор Нұртөре Жүсіп Мәжілістегі әріптесі Ермұрат Бапидың пікірінен кейін Қазақстанның өте тез жылдамдықпен әсіредіншіл болып бара жатқаны туралы мәселе көтерді. Оның айтуынша, елде жақсы ұстаздар мен имамдар жетіспейді.
Ал осыдан сәл бұрын Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Қазақстанның қарқынды радикалдануын байқамайтын үкімет саясатын сынап, қоғамда діни идеологияның күшейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірген болатын.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?