Қазақстанда екінші АЭС салынатын орын анықталды
Фото: Envato
Қазақстанда екінші атом электр станциясының (АЭС) құрылысы жүргізілетін орын нақтыланды. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстандағы екінші АЭС Алматы облысында салынады.
«Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану туралы заңы негізінде үкімет қаулы етеді: «Екінші атом электр станциясы» ядролық қондырғысын салу туралы және ядролық қондырғының құрылыс ауданы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданын айқындау туралы шешім қабылдансын», деп жазылған қаулыда.
Бұл қаулы қол қойылған күнінен, яғни 2026 жылғы 26 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Еске салайық, 2025 жылғы қарашада Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының атауы таңдалды. Атом энергиясы агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша «Балқаш атом электр станциясы» атауы жеңімпаз деп танылған.
2025 жылғы ақпанда Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысының орны ресми түрде бекітілді, ол да Алматы облысының Жамбыл ауданында салынады.
Өткен жылдың қаңтарында президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке «Самұрық-Қазынамен» бірлесіп атом саласын дамытудың ұзақмерзімді жоспарларын әзірлеуді тапсырды.
Айта кетейік, Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысы білікті кадрларға деген сұранысты едәуір арттыратынын, нысандарды салу кезеңінде 10 мың жұмысшыны, ал пайдалану кезеңінде - жоғары білімді 2 маманды қоса алғанда, 600 мыңға жуық адамды қажет ететінін мәлімдеген.
Жаңалықтар
- Қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді
- Украина ресейлік клубтарды еуропалық додаларға қатыстыруға қарсылық танытты
- Талдықорғанда ер адам әйелі мен 3 жастағы баласын аяусыз соққыға жықты
- Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов төбелестен кейін қызметтен кетті
- Қазгидромет ескертеді: Бірден 10 облыста қауіпті метеорогиялық құбылыс
- Қазақстанда екінші АЭС салынатын орын анықталды
- АҚШ Иранға соққы жасамайтын болды: тараптар келіссөзге уағдаласты
- Актер Айбек Байназаровты даулы мәлімдемесі үшін жазалауға бола ма: Заңгер түсіндіреді
- Ресей елшілігі адыраспанға қатысты Қазақстан тұрғындарына күтпеген үндеу жасады
- Әсет Ерғалиев Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды
- Қазақстандықтарды цифрлық бақылауда ұстап, салығын есептейтін жүйе құрылды
- Қазақстанда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу салынды
- «Сен сияқтыларды колонияға қамау керек»: Алматы облысында болған оқушы өліміне кім кінәлі?
- Еуроодақ Иран Қорғаныс күштерін террористік ұйым деп таныды
- Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне күдікті күйеуі мен енесі Мәскеуде болуы мүмкін
- Иранда «Оскар-2025»-ке үміткер сценарист ұсталды
- Астаналық «емші» TikTok-тан тапқан ақшасын құмар ойынға тіккен
- Қазақстан азаматтары Үндістанға тегін визамен бара алады
- Алматы облысындағы 13 жастағы қызға жасалған азғындық: Істің жай-жапсары
- Қазақ билігі елден шығарған украиналық Мәскеуде тұтқынға алынды