Қазақстанда бетті бүркеуге тыйым салынды: полицейлер рейд жүргізуді бастады

cover Фото: Бейнеден кадр

Қазақстанда 12 шілдеден бастап қоғамдық орындарда жүзін толық жауып тұратын киім киюге тыйым салатын заң күшіне енді. Түрлі қалаларда полиция қызметкерлері тұрғындармен кездесу өткізіп, жаңа ережелерді түсіндіріп, сұрақтарға жауап беру үшін сауда орталықтары мен базарларға аралады, деп хабарлайды Orda.kz.

Полицияның айтуынша, түзетулердің мақсаты қарапайым: қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету. Бұл қажет болған жағдайда бейнебақылау камераларының көмегімен адамның жеке басын тез анықтауға мүмкіндік береді.  

Сонымен қатар, полиция әңгіме діни сенім бостандығына құқықты шектеу туралы емес екенін де түсіндіріп өтеді.

«Тыйым тек бетін толық жауып, жеке басын тануға кедергі келтіретін киімге ғана қатысты. Бұл маска, балаклава, никабтар. Бірақ хиджаб, шейла, химар, әл-амира және басқалар сияқты элементтер оған жатпайды, себебі адамның бет-әлпеті ашық болады», -деп түсіндірді қызметкерлер. 


Нақты тыйым  балаклаваларға, бетті тұтастай жауып тұратын маскаларғағғ никабтар және жеке тұлғаны сәйкестендіруге кедергі келтіретін кез келген басқа да киім түрлеріне салынды.

Айта келсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киімді киюге тыйым салуды көздейтін заңға қол қойды.

Еске сала кетейік, Қырғызстан мұсылмандарының діни басқармасы никаб кию исламда міндетті емес екенін және елдің ұлттық дәстүрлеріне қайшы келетінін жариялады.

Ресейде де никаб киюге тыйым салу мәселесі осы жылдың көктемінде басталды. Мамыр айындағы бұл шешімге қатысты президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңес басшысы Валерий Фадеев экстремизм қатерін ескере отырып өз пікірін білдірген болатын. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар