Қазақстанда әзірбайжандық танымал әншінің концерті өтпейтін болды

cover Фото: Видеодан алынған кадр

Әзірбайжандық әнші Роза Зергерлі Ақтау маңында болған ұшақ апатына байланысты концерт өткізуден бас тартты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Өнер иесі әлеуметтік желіде қайғылы жағдайдан кейін Қазақстанның батыс өңіріне жоспарланған концерттері өтпейтінін хабарлады. Ол өзінің инстаграм парақшасында көпшілікке үндеу жасады. Өнер иесі қайғылы жағдайдан кейін концерт бере алмайтынын жеткізді. Роза Зергерлі қаза тапқандардың отбасына қайғыра көңіл айтты.

«Кеше қайғылы жағдай болды. Бұл тек Әзірбайжан үшін емес, Қазақстан, Грузия, Қырғызстан, Ресей және т.б елдер үшін де үлкен қайғы болды. Бұл – біздің ортақ қайғымыз. Бұлай болады деп ойламадық. Қазір мен Қазақстандамын. Бұл жерде жоспарланған концерттерім, гастрольдік турым бар. Бірақ бүгінгі концерт болмайды. Қайғылы жағдайдан кейін бас тарттық. Ертең де солай істейтін боламыз. 1500 адам жиналған концертке бардым. Бірақ мен ән салмадым. Бір минут үнсіздік жарияладым. Халық бұл шешімімді дұрыс қабылдап, қолдау білдірді. Ұшақ апатынан қаза тапқан жерлестерімнің жақындарына көңіл айтамын. Бұл – орны толмас өкініш пен трагедия», - деді өнер иесі.

Сонымен қатар әнші апатқа ұшыраған ұшақта жақын құрбысының ұлы болғанын мәлімдеді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар