Қазақстанда атом электр станцияларын салуды АҚШ пен Жапонияға сеніп тапсыруға болады

cover Фото: Ашық дереккөзден

Атом электр стансасын конкурста жеңіске жеткен шетелдік компания салады. Бұл туралы Энергетика министрі Сәтқалиев мәлімдеді. Қазір оның айтуынша, алдағы уақытта конкурсқа қатысу үшін жеткізушілерді анықтау рәсімі жүріп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

«Мұны тендер шешеді. Қазіргі уақытта алдын ала біліктілік рәсімі жүргізілуде, үкімет барлық өтініштерді қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдайды. Алдын ала іріктеуден Корея, Ресей, Қытай, Франция өтті. Бұл тізім толық емес, біз басқа мүмкіндіктерді де қарастырамыз. Атап айтқанда, АҚШ әлеуетті қатысушылардың қатарында, жапондық өндірушілермен де бірлескен жобалар бар», – деді Алмасадам Сәтқалиев. 

Айта кетейік, Қазақстанда атом электр стансасын салу бойынша референдум әлі өткен жоқ.

 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар