Қазақстанда әскерге шақыру: SMS-хабарлама шақыру қағазын тапсырудың ресми әдісі ретінде танылады
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру ережелері өзгереді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қорғаныс министрлігі қаулы жобасын «Ашық НҚА» порталында жариялады - құжат 9 қыркүйекке дейін жария талқылауда болады.
Басты жаңалық - SMS-хабарламаларды шақыру қағазын тапсырудың ресми әдісі ретінде тану. Егер жоба қабылданса, әскерге шақырылушының нөміріне келген хабарлама – апарып қолына тапсырған қағаз хабарламаға теңестіріледі. Сонымен қатар, шақыру қағаздары eGov-тағы жеке кабинетке де жолданады. Электрондық хабарламалар әскери комиссариатқа келу күніне дейін кемінде үш күн бұрын жіберілуі тиіс.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға жеке бармай-ақ, eGov порталы арқылы әскери қызметтен кейінге қалдыру мүмкіндігін беру ұсынылады.
Соңғы уақытта еліміздегі әскерге барғысы келмейтіндерге «шабуыл» күшейе түсті. Жастарды көшеде немесе емтихан кезінде «жүгендеп» алып кете береді. Осыған байланысты әскерден босатуға қатысты заң қызметтеріне сұраныс өсті. Кейбір компаниялар осындай қызметі үшін жүздеген мың теңге алып, кейіннен ақшамен қоса жоғалып кетіп жатқан оқиғалар көбейді.
Біз бұған дейін Қорғаныс министрлігі әскерге баратындарды хабардар ету үшін SMS-хабарламаларды бекіту мәселесін қарастырып жатқаны туралы жазғанбыз.
Сонымен қатар жастарды көшеден бірден «тізгіндеп алып» кетіп жатқан видеолар тарағаннан кейін, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді.
2025 жылы 42 098 қазақстандық әскерге шақырылады.
Жаңалықтар
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?
- Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды
- Қаласақ, қызық үшін тағы бірнеше соққы жасай аламыз — Трамп
- Білім министрлігі Қазақстандағы шетелдік университет филиалдарында оқуға грант бөледі