Қазақстан жолдарының енді төлқұжаты болады

cover Фото: sotni.ru

Қазақстан тас жолдарының енді төлқұжаты болады, деп хабарлайды Orda.kz көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Көлік министірлігі автокөлік жолдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысының жобасын ашық НҚА порталында қоғамдық талқылау үшін жариялады. 

Автокөлік жолдарын төлқұжаттауға жолдың ұзындығы, техникалық жай-күйі, оның ішінде құрылымдық элементтері, инженерлік құрылыстар мен жабдықтар, сызықтық ғимараттар мен құрылыстар туралы мәліметтер кіреді. Сонымен қатар, қалалар мен елді-мекендердің барлық жолдары мен көшелері де төлқұжаттауға жатады. Сертификаттау әр жол үшін жеке жүргізілетін болады. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар