Қазақстан жастары шахматтан әлем чемпионатында күміс жүлде алды
Фото: Қазақстанның шахмат федерациясы
2025 жылы Александрия қаласында (АҚШ, Вирджиния штаты) өткен мектеп командалары арасындағы FIDE World Schools Team Championship әлем чемпионатында Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің (РФМШ) командасы екінші орын алды, деп Orda.kz Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.
Жеке есептегі жетістіктер:
Иманғали Ақылбай – алтын медаль
Эдгар Мамедов және Зарина Нұрғалиева – қола медаль
Чемпионатқа 48 елден 55 команда қатысты. Бұл жолғы жарыстың ерекшелігі — жас ерекшелігіне байланысты шектеу болмаған. Қатысушылар спорттық іріктеу нәтижесі бойынша таңдалды, ал қыздар мен 12 жасқа дейінгі ойыншылардың болуы міндеттелмеді.
Нәтиже келесідей:
- Velammal MHS мектебі (Үндістан) – барлық 8 матчта жеңіске жетіп, абсолютті чемпион атанды;
- Республикалық физика-математика мектебі (РФММ Алматы) – 8 ойыннан 6 ұпай жинап, екінші орын;
- Harker мектебі (АҚШ) – 5 ұпай, үшінші орын;
- Республикалық физика-математика мектебі -2 (РФММ Астана) – 4 ұпай, төртінші орынға бір-ақ ұпай жетпей қалды.
Турнир швейцарлық жүйе бойынша 8 раундтан болды және 3–6 тамыз аралығында Александрия қаласындағы Епископалды орта мектепте өтті.
Бұған дейін де қазақстандық оқушылар Боливияда өткен беделді олимпиадада жоғары нәтиже көрсетіп, сондай-ақ қыздар арасындағы халықаралық бағдарламалау олимпиадасында қола жүлдеге ие болған еді.
Бұған дейін де қазақ елінің 13 жасар шахматшысы Халықаралық шебер атағына ие болғанын хабарладық. Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының чемпионы атағын алған қазақстандық шахматшыға итальяндықтар тәнті болды.
2023 жылы Тоқаев Қазақстанда шахматты дамытуға айрықша көңіл бөлінетінін айтқан болатын.
Жаңалықтар
- Бүгін Оскар сыйлығының 98-ші марапаттау рәсімі өтеді
- Exit-poll: Референдумда 86,7% дауыс беруші жаңа Конституцияны қолдады
- Иранның жаңа рухани көшбасшысы Моджтаба Хаменеи Ресейге жеткізілді — БАҚ
- Жауапкершілікке тек бір азамат тартылды: Бас прокуратура мен ІІМ Референдум қорытындысын айтты
- Қазақстанда референдумдағы дауыс беру аяқталды
- Референдум-2026: Дезинформацияға қарсы күрес орталығы желідегі жалған ақпараттарды тіркеп жатыр
- Заңсыз активтерді қайтару аясында мемлекетке 1 трлн теңгеден астам қаржы құйылды – Бас прокуратура
- Қазақстанда сағат 16:00-дегі жағдай бойынша референдумдағы алдын ала қатысу көрсеткіші 64,43% болды
- Иран Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатудың екі шартын атады
- Референдум: Қаныш Сәтбаев атындағы университетте қалай өтіп жатыр?
- Назарбаев: Бір кезде мен Тоқаевты таңдадым, қазір де қолдаймын
- Мемлекет басшысы референдумда дауыс бергеннен кейін журналистермен брифинг өткізді
- Қуандық Рахым референдумда дауыс берді, Димаш денсаулығына байланысты қатыса алмады
- Референдум: Мүмкіндігі шектеулі жандар қалай дауыс береді?
- Қазақстан полициясы күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр
- Референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы ақпарат жаңарды
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
- Назарбаев референдумда дауыс беруге келді
- Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді
- ОСК референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы дәл қазіргі мәліметті берді