Қазақстан үшін «мұнайдан жеңіл табыс» дәуірі аяқталды — саясаттанушы
Коллаж: egemen.kz
Саясаттанушы Ғазиз Әбішев премьер-министр Олжас Бектеновтің Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа берген есебінен кейін Қазақстандағы экономикалық жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, қазіргі Үкімет соңғы жылдардағы ең күрделі әрі ауыр шешімдерді қабылдауға мәжбүр болып отыр.
«Қазақстан экономикасы жиырма жыл бойы мұнайдан түскен табысқа «масаңдық» күйде өмір сүрді. Кез келген мәселе ақша құю арқылы шешілді, тіпті бюджет қаражаты оңды-солды шашылды. Әлеуметтік қолдауға да, популистік жобаларға да, түрлі сыбайлас жемқорлыққа бейім бағыттарға да қаржы аямай жұмсалды» деп жазады Әбішев өзінің Telegram-арнасында.
Оның бағалауынша, бүгінде бұл модель жұмыс істеуін тоқтатқан. Мұнай кірістерінің маңызы күрт төмендеді, ал сыртқы және ішкі факторлар экономикаға қысымды күшейтті. Қазіргі мұнай бағасы — барреліне шамамен 60 доллар болса да — нақты мәнінде 2002 жылғы 30 доллардан да әлсіз.
«Бұған қоса әлеуметтік шығындардың шарықтауы, ковидтен кейінгі экономикалық тұрақсыздық, жаһандық санкциялық текетірес пен әлемдік қайта бөлініс әсер етті»,— дейді ол.
Саясаттанушының пікірінше, Үкіметтің әрекеті қатаң көрінгенімен, заңды әрі түсінікті. Тарифтер мен бағалардың өсуін ол тек инфрақұрылымдық мәселелермен емес, сонымен қатар түбегейлі экономикалық шектеулермен байланыстырады. Бұл — өмір сүру деңгейі мен еңбек өнімділігі арасындағы алшақтықтың көрінісі.
«Табыс баяу өсіп жатқан жағдайдағы жалпы бағаның қымбаттауы — экономиканың «көрінбейтін қолының» әрекеті. Ол өмір сүру деңгейінің еңбек өнімділігіне сәйкес келмейтінін көрсетіп, адамдарды неғұрлым қарқынды еңбек етуге итермелейді»,— дейді Әбішев.
Осы жағдайда, оның айтуынша, билік таңдау алдында тұр: не нарық дабылдарын жасанды түрде тежеу арқылы теңгерімсіздікті тереңдету, не тұрақтандыру үшін қоғамға ұнамайтын шешімдер қабылдау. Үкімет субсидияларды қысқартуға, экономиканы нарықтық қағидаттарға көшіруге және сонымен қатар салықтарды арттыру арқылы бюджетті нығайтуға мәжбүр.
«Үкімет субсидияларды кезең-кезеңімен қысқартып, экономиканы нарықтық арнаға бұруға мәжбүр. Сонымен бірге әлеуметтік міндеттемелерді орындау мүмкіндігін сақтау үшін салықтарды көтеру арқылы бюджеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуі қажет» деп жазады саясаттанушы.
Әбішев әлеуметтік саясат тақырыбына да тоқталды. Оның айтуынша, мемлекет біртіндеп жаппай қолдау моделінен бас тартып, атаулы әлеуметтік көмекке көшіп жатыр.
«Ал толыққанды даму тек бюджет қаржысына емес, сонымен бірге жеке, оның ішінде шетелдік инвестицияларға да тәуелді», - дейді ол.
Саясаттанушы қоғамдық риторикадағы қайшылыққа да назар аударды: билік инвесторлармен келіссөз жүргізіп жатқанда, ел ішінде оларды шектеу, бақылауды күшейту және сонымен қатар салықтарды көтермеу жөнінде талаптар айтылуда. Оның пікірінше, мұндай талаптар көбіне бір-біріне қайшы келеді.
Әбішев сөз соңында экономикалық реформалар құқықтық тәртіп орнатылмайынша мүмкін еместігін атап өтеді.
«Рейдерлікке, бюрократиялық қысымға, әділетсіз бәсекеге жол беретін мүмкіндіктерді барынша азайту қажет. Бизнесті әлеуметтік-саяси қысымнан қорғау керек» деп жазады ол және бұл міндеттер 2026 жылдың басым бағыттарының қатарына енеді деген үміт білдірді.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Олжас Бектеновпен кездесуде бағаның өсуін тежеу және қазақстандықтардың нақты табысын арттыру міндетін қойғаны хабарланған еді. Президент экономикалық өсім инфляцияның төмендеуімен және өмір сапасының жақсаруымен қатар жүруі тиіс екенін атап өтті.
Тақырып аясын кеңірек білгіңіз келсе:
Тоқаев үкімет отырысында әкімдерді енді қалай бағалайтынын айтты
Бектенов бірнеше әкімге орынбасарларын жазалауды тапсырды
Көрпеге қарай көсілетін кез келді – ҚҚС мөлшермесінің артуы қазақстандықтарға не береді?
Жаңалықтар
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды