Қазақстан ҰҚШҰ-ға төраға болды

cover

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымын басқарады, деп хабарлайды Orda.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың 23 қарашасында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысында Қазақстан Республикасы өзінің төрағалығы кезінде басымдық беретін салаларға тоқталды.

Бұл:

• әскери кадрларды даярлаудағы ынтымақтастықты жалғастыру;

• ҰҚШҰ-ның бітімгершілік әлеуетін ашу;

• халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұру бойынша ынтымақтастықты дамыту;

• есірткі және психотроптық заттардың, оның ішінде синтетикалық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес;

• қарудың заңсыз айналымымен және ұйымдасқан трансұлттық қылмыспен күресу;

• төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою мәселесі бойынша ынтымақтастықты тереңдету;

• ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күресу.

Қазақстан Президенті сондай-ақ ҰҚШҰ ұжымдық күштерін жедел орналастыру бойынша, атап айтқанда, әскери контингенттердің кедергісіз және тоқтаусыз транзиті бойынша құқықтық базаны пысықтауға шақырды.

Кейін ұйымның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов те ҰҚШҰ Тоқаев айтқан басымдықтарға сәйкес жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар