Қазақстан шетелдік компаниялармен жасалған мұнай-газ келісімшарттарын қайта қарастыра ма?
Фото: Егемен Қазақстан
Энергетика министрлігі Қазақстан үшін тиімдірек шарттармен мұнай өндіру келісімдерін қайта қарау мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
БАҚ сауалына жауап ретінде салалық ведомство бұл бағыттағы жұмыстар мемлекет стратегиясы мен саясаты аясында жүргізіліп жатқанын нақтылады. Биылғы жылдың алғашқы алты айында елде 34,5 миллиард текше метр газ өндірілген. Ал мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 49,9 миллион тонна болды.
«Елдің ұзақ мерзімді мүдделерін ескеріп, қолданыстағы келісімшарттық міндеттемелердің сақталуын қамтамасыз ету үшін сапалы әрі байыпты шешімдер қабылдау маңызды. Алайда келісімдер құпия сипатта болғандықтан және талқыланып жатқан факторлар шешім қабылдауға тікелей әсер ететіндіктен, ресми ұстаным әзірленбей тұрып қандай да бір ақпаратты жария ету мүмкін емес» деп жазылған министрлік жауабында.
Ал бұл арада елде өзге салаларда да қуат көздері кеңейтіліп жатыр. Соның ішінде, жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласында.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 3 ГВт-тан астам электр қуатын өндіретін 156 ЖЭК нысаны жұмыс істеп тұр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, ЖЭК үлесі жалпы электр өндіру көлемінің 6,43%-ын құрады. Бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 15%-ға, ал 2050 жылға дейін 50%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр (оның ішінде балама энергия көздері де бар).
«2030 жылға дейін жалпы қуаты 2,2 ГВт-тан асатын 91 ЖЭК жобасын іске қосу көзделген. 2024–2027 жылдарға арналған аукциондық сауда-саттық жоспарына сәйкес, қосымша 6,7 ГВт жаңа ЖЭК қуатын енгізу жоспарланып отыр. Ал 2035 жылға дейін электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында кемінде 8,4 ГВт жаңа ЖЭК қуатын іске асыру қарастырылған» деп көрсетілген мәліметте.
Ведомство ЖЭК саны мен үлесін қысқарту жоспарланбайтынын мәлімдеді. Керісінше, олардың ұлттық энергетикалық жүйенің тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз етудегі рөлі арта түседі.
Ең маңызды бағыттардың бірі – ЖЭК-ті энергияны сақтау жүйелерімен біріктіру, бұл электрмен жабдықтау сапасы мен үздіксіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
- Тоқаевтың тапсырмасымен Мәулен Әшімбаев Иран елшілігіне барып, көңіл айтты
- Әлиев Нахчыван әуежайына жасалған шабуыл туралы мәлімдеме жасады
- Қазақстанда доллардың құны бірден төмендеді
- Иран Нахчыванға дрон ұшырды деген айыптауды жоққа шығарды
- Астана мен Алматы Халықаралық әйелдер күнін қалай қарсы алады
- Әзербайжан Ираннан Нахчыванға дрон шабуылына қатысты шұғыл түсініктеме талап етті
- Ирандық дрондар Әзербайжанның Нахчыван әуежайына шабуыл жасады
- Атырау облысындағы қанды қылмыс: Күдіктілер Индонезиядан қашан экстрадицияланады
- Тоқаев Сауд Арабиясының тақ Мұрагеріне алғыс айтты
- Иран билігі Түркияға соққы жасады деген ақпаратты жоққа шығарды
- Жібек жолы ауылында өз отбасын қырып тастаған күдікті бұрын сотталған
- Терезеден сығалаған: Атырау облысында сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
- Кәмелетке толмаған жасөспірім ұлтаралық араздық қоздырғаны үшін сотталды
- Бүгінгі Таяу Шығыс: Тегеранға соққылар жасалып жатыр, Иран жауап ретінде зымыран ұшырды
- МӘМС арқылы миллиондаған теңге залал: Алматыда жеке стоматологиялық клиникалардың директоры үйқамаққа алынды
- Украинадан оралған Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоров Астана әуежайында ұсталып, тексерістен кейін босатылды
- ІІМ шетелге барып жұмыс істегісі келетіндерге үндеу жасады
- Thailand Open турнирі: Қазақстан ескек есуден «алтын» алды
- Соғыстың алғашқы екі күнінде Иран астанасынан 100 мың адам кетіп қалды — БҰҰ
- Иранда Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі кейінге шегерілді