Қазақстан мұнай өндіру жоспарын түзетуге дайын екенін мәлімдеді

cover Фото: Егемен Қазақстан

Энергетика министрлігінде ОПЕК + уағдаластықтарын қатаң сақтау және көлемдерді нарыққа біртіндеп қайтарудың бұрын келісілген кестесін түзетуге дайындығы туралы айтылды, деп хабарлайды Orda.kz.

5 сәуірдегі ОПЕК + бірлескен министрлік мониторингтік комитетінің 59-шы онлайн-отырысында Қазақстан өзінің келісімді ұстанатынын растады.

Қатысушылар 2025 жылғы қаңтар-ақпанда елдердің өз міндеттемелерін қалай орындағанын қарастырды. Комитет нарықты тұрақтандыру үшін сегіз елдің ерікті түрде өндірісін қысқартуды жеке бағалады.

 Сондай-ақ, отырыста ауытқулар болған жағдайда міндеттемелер мен өтемақыны толық сақтаудың маңыздылығы аталды.

3 сәуірде бұл елдер (соның ішінде Қазақстан) бірлескен кездесуде қосымша көлемді қысқарту тақырыбын талқылады.

«Қалыптасқан жағдайды және тұрақтылық мүддесін ескере отырып, нарыққа көлемдерді біртіндеп қайтарудың бұрын келісілген кестесін түзету туралы шешім қабылданды» деп жазылған ведомство хабарламасында.


Қазақстан халықаралық міндеттемелерді де, ұлттық мүдделерді де басшылыққа ала отырып, альянс бойынша серіктестерімен өзара іс-қимылды жалғастыруға ниетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР-дағы өндірістің рекордтық көлемі альянстың кейбір мүшелерінің, соның ішінде ірі өндіруші Сауд Арабиясының наразылығын тудырған болатын. ОПЕК + басқа елдер сияқты Қазақстан да қосымша қысқартулар есебінен квотаның артуын өтеуді талап етті. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар