Қазақстан мен Өзбекстан арасында жасырын жерасты жолын салғандар сотталды

cover Фото: Envato

Түркістан облысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жерасты құбыры арқылы заңсыз жұмыс істеген қылмыстық топқа үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz.

Іс материалдары бойынша, 2024 жылдың шілдесінде жергілікті тұрғын Р. есімді Өзбекстан азаматымен трансұлттық қылмыстық топ ұйымдастыру үшін сөз байласқан. Топқа тағы бірнеше адамды тартады. 

Сарыағаш ауданы Сарқырама ауылы аумағында олар Қазақстан мен Өзбекстанды жалғайтын ұзындығы 375 метр жерасты құбырын салды. 2024 жылдың тамызынан желтоқсанына дейін құбыр арқылы АИ-92 маркалы 420,3 тонна жанармай заңсыз жөнелтілді. Отынның жалпы құны 112 миллион теңгеден асты.

Қылмыстық топты ұйымдастырған адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал тағы 3 адам 13 жылға сотталды. Олардан 3 миллион теңге, 16 мың литр АИ-92 жанармай, сондай-ақ ЗИЛ және ГАЗ маркалы жүк автомобильдері тәркіленді. Барлық мүлік мемлекет пайдасына тәркіленді.

Айта кетейік, Әнипа Назарбаеваның компаниясы мемлекетке 10 млрд шығын әкелді. Алмалы аудандық сотының үкімімен бірнеше айыпталушы 1,4 жылдан 4,6 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Іс фигуранттарының бірі қашып кеткен.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар