Қазақстан мен Корея екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда

cover

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Корея Республикасының Өкілетті Елшісі Джо Тэ - икпен кездесті.

«Келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға, сондай-ақ көпжақты форматтағы өзара іс-қимылға қатысты мәселелердің кең ауқымы талқыланды»  делінген ҚР СІМ хабарламасында. 


Кездесу соңында әңгімелесушілер екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстарды жалғастыруға келісті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар