Қазақстан мемлекеттік активтерді сатады: тізімде БАҚ, футбол клубтары, «Сарыағаш» та бар
Фото: Егемен Қазақстан
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде 2028 жылға дейін жекешелендіруге арналған 461 нысанның тізімі бекітілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Тізімге 2028 жылға дейін жеке меншікке берілетін квазимемлекеттік сектор кәсіпорындары мен ұйымдары кірді.
Жекешелендіруге ұсынылған нысандардың басым бөлігі отын-энергетика кешендері болды - олар 200 ұйым.
Басқалары былай бөлінген:
• өнеркәсіп және индустрия - 20;
• АӨК - 147;
• БАҚ, көлік және байланыс - 14;
• әлеуметтік сала - 76;
• қаржы нарықтары саласы - 4.
«Бұл тізімге Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің сатып алу құқығынсыз сенімгерлікке беруге ұсынып отырған сегіз техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы, сондай-ақ Түркістан облысы әкімдігінің «Сарыағаш» емдеу-оңалту кешені және басқа да бірқатар ұйымдар кіреді» деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар жекешелендіру пулына жеті қазақстандық футбол клубы кірді.
Жақында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) капиталындағы үлесті ресейлік «Татнефтьке» беруді жоспарлап отыр деген ақпарат тарады.
Жақында біз «Ақжайық» футбол командасы 10 айдан бері жалақы алмағанын, футбол клубы атынан үндеу жолдаған футболшылардың спортшылар пицца тасып, мықты жаттықтырушылардың таксист болып жүргенін айтқанын жаздық.
Сонымен қатар Антикор спорт саласын сынап, спорттық кешендер мен футбол академияларын салуға инвестиция салудың орнына, ұйымдар «легионерлерді ұстауға орасан зор ақша жұмсайды, деген болатын.
Жаңалықтар
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды
- Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді
- ҚР СІМ: Қазақстан мобилизациядан қашып келген ресейліктерді жаппай қайтарып жатқан жоқ