Қазақстан МАГАТЭ қатарында теңдікке ұмтылады
Қазақстан бастамашы болған қарарды 99 мемлекет қолдады. МАГАТЭ Бас конференциясының 67-сессиясында «МАГАТЭ-ге мүше мемлекеттердің егемендік теңдігін қалпына келтіру туралы» қазақстандық қарар басым көпшілік дауыспен (99-2-16) қабылданды.
Қаулыны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров таныстырды және оны МАГАТЭ-нің барлық географиялық аймақтарын білдіретін 99 мүше және 56 тең демеуші мемлекеттер қолдады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан бастамашы болған қарар МАГАТЭ қызметіне мүше мемлекеттердің қатысуына неғұрлым әділ және демократиялық көзқарастарды қамтамасыз ету үшін негіз жасайды. Қазақстанның Агенттіктегі егемендік теңдікті қалпына келтіру жөніндегі күш-жігері аясында Қазақстан МАГАТЭ тарихында алғаш рет аймақтық топтарға кірмейтін 17 елдің тізімін кодификациялады.

Бұл тізім Агенттіктің 2023 жылғы 10 тамыздағы ресми құжатында бекітілді және Словения төрағалығымен құрылған «Аумақсыз мүше мемлекеттердің достық тобы» шеңберінде одан әрі жұмыстарды құру үшін негіз ретінде Бас конференцияның қарарына енгізілді.
МАГАТЭ Бас конференциясының резолюциясы сондай-ақ мүше мемлекеттерді Агенттік жарғысының 6-бабына Басқарушылар кеңесінің құрамын кеңейтуді және географиялық аумақтар бойынша мүшелер тізімін қабылдауды көздейтін түзетуді тез арада ратификациялауға шақырады. Қазақстан бұл түзетуді 2019 жылы ратификациялады.
Резолюцияның қабылдануы мүше мемлекеттердің аймақтық топтарда, негізгі саясатты қабылдаушы органдарда, сондай-ақ Агенттіктің тиісті консультативтік үдерістерінде тең өкілдік ету мәселесін қайта жандандырудың алғашқы практикалық қадамы болды.
Жаңалықтар
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?